Байқау да қорытылды

Байқау да қорытылды
жеке
блог

Байқаудағы соңғы жазбам мені қуантады да, мұңайтады. 2 ай зымырап өтіп, қорытындыға да жеттік. Осы 8 апта қызықпен, қиындыққа толы болды. Бірін үйреніп, бірін бүлдіріпте жаттық. Бұған біз қаймықпай тек алға жүрдік. Қаймықпай, қиындыққа тіке қарап, үйренеміз деген мақсаттарымызды орындадық. Менде тырысып мақсаттарымды түгелдей орындадым.

 Ағылшын тілі - көптеген тақырыптарды, жаңа сөздер мен әуендерді меңгердім. Тапсырмаларды орындап, білімімді толықтыруға тырысып бақтым. Ағылшын тілінен үйренгенім көп болды. 80% үйрене алдым деп толық сеніммен айта аламын.

 Аспаздық - менің сүйікті хоббиім болғандықтан, жаңа тағам түрлерін жасау, қиындық әкелмеді. Осы уақытқа дейін дайындаған тағамдарым, көңілімнен шықты. Білетін мәзірлерім көбейіп, менің де қабілетім арта түсті. 100%  аспаздықтың қыр-сырын үйрендім.

 Төте жазу - қиынға түскен мақсатым. Қиындыққа қарамай, алға қарай қадам басып, төте жазуды да меңгердім. Әсел әпкемнің үйреткендерін үйреніп, білетінім көбейді. 60% төте жазуды меңгердім.

Күй өнері - менің жеке шығармашылығым. Көптеген күйлерді білсемде, ұмытқандарымды қайтадан үйрендім. Маған түкте қиындық туғызбаған мақсатымның бірі. 90% күйлерді үйреніп, өзімнің деңгейімді көтермеледім.

 Массагетке мың алғыс. Осы жарыс арқасында үйренгенім көп болды. Бәрінен де жетекшім Әсел Асановаға рақмет. Еркелігімді көтеріп, өзінің көркем мінезімен сабырлық танытып, маған бәрін де үйретті. Массагеттің арқасында көптеген достар кездестірдім. Бір үйдің баласындай болған "Кемеңгер" тобымыз биіктің тұғырынан көрініп, жетекшіміздің көңіліне қуаныш ұялатқаны бізді де қуантты. Рақмет саған "МАССАГЕТ". Жарыстың басы қасында болған ұйымдастырушылармен жетекшілердің еңбектері өлшеусіз. Сіздер кереметтей тұлғасыздар. Рақмет сіздерге.....

кемеңгер

 Келешегі кемел "КЕМЕҢГЕРЛЕР"...