Бауыржан Момышұлының 3 қорқынышы (байқау)

"Сәлем - сөздің анасы" демекші тіліміздің құндылығын сақтауды амандасудан бастайық!

"Мен үш нәрседен қорқамын. Өзінің сәбиіне бесік жырын айта алмаған анадан, өзінің немересіне ертегі айта алмаған ата мен әжеден, екі қазақтың бір-бірімен орысша сөйлесіп тұрғанынан қорқамын", - деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, мен де осы үш тың дүниеден қорқамын. Сол үшінді ұлттық құндылықтарды насихаттап, жаңа ортаны ашуды қаладым.Вконтакте желісінде достарыма "Ұлттық құндылықтарымыз ескерілудеме?" деген сауал қойған едім ИӘ деген жауапқа 36,1% жауап берсе, ЖОҚ деген жауапқа 62,5% жауап беріп, басымырақ түсті.Осыдан ұлттық құндылықтарымыздың ескерілмей жүргені байқалады. Адамның тұлға ретінде қалыптасуында отбасының алатын орны ерекше. Өз үйінде атасы мен әжесінің «айналайынына» қанып, туған әкесі мен анасының аялы алақаны мен мейірімін көріп өскен ұрпақтың саналы, тәрбиелі, көргенді болып өсері ақиқат. Міне, сондықтан отбасы тәрбиесі аса өзекті мәселе ретінде қаралып, оған Елбасының өзі үлкен мән беріп отыр. Сол себепті ұлттық құндылықтарымызды қолға алуымыз қажет.

Қазіргі таңда жас аналарымыз бесік жырын айтудан қалды, оның өзінде сәбиді бесікке салып әлдилеуді ұмытқан сыңайлы.

 Ата-әжелеріміз немерелеріне ертегі айта ма!? Әрине, санаулы-ақ... Егер ата-әжелер өзінің бала кезінде ертегі, дастандарға қанып өссе, өзінің немересіне де ертегі айтып берер еді. Мысал, дана Абайымыздың анасы Ұлжан мен әжесі Зере Абайға халық ауыз әдебиетін, ертегі, дастандармен қанаттандырып, сөз өнері өлеңге қанат сілтетті. "Ел болам десең бесігіңді түзе", - деп Мұхтар Әуезов айтқандай аналарымыз баласына бесік жырын жырласа, ата-әжелеріміз ертегі, дастандарын құраса нұр үстіне нұр болар еді. Көненің көзі асылдың сынығы дегендей көне дастан жырлар жүрекке жетіп жан дүниемізді рухани байлыққа бөлейді.

Бірақ оны айтар ақ аналарымыз қайда мұздайда бесік таянып, жыласақ шошып оянар аналар бесік жырын айтудан қалып барады. Әрбір қазақ баласы сәби кезінен ертегі, бесік жырын тыңдаса есейген шағында орысшаға масаттанып өз тілін ұмытпас еді ғой.

Мысалы, бір орыс келсе сол түсіну үшін орысша сайрайтынымызды-ай. Өзге ұлттар қанша қазақтың алдына келсе де өз тілінде мақтана сөйлейді, ал бізге неге олай етпеске. Ұлттық құндылықтар тәрбиенің түп қазығы, сол үшінді құндылықтарымызды біле жүрейік! 

Р.S:Егер сіз құндылықтарды біліп, ескеріп жүрсеңіз, өз ойыңызды пікірге қалдырсаңыз?!



Бөлісу: