Бауыржан батырдың балалық шағы

Бауыржан батырдың балалық шағы
жеке
блог

Сәлем Массагеттік оқырман, достарым! Байқау мәресіне жетуде, мен алға қойған мақсаттарымды толық орындадым. Жетінші аптаның мақсаты Амангелді Ормантайдың "Бауыржан батырдың балалық шағы" кітабын толық оқып шықтым, осы кітап арқылы тіл байлығымды, рухани байлықты байыттым.

Ауыздан шыққанда-ақ кейбіреулерге көп нәрсені ұқтырып, кейбіреулерге күні бұрын бұқтырып тұратын есімдер болады. Бауыржан Момышұлының есімі сондай есім.

Баукең есімі қазақ үшін ерлік пен елдіктің ұранындай. Себебі оның бар саналы ғұмыры елінің, туған халқының мұңын мұндап, жоғын жоқтаумен өтті. Ерді ісінен таны. Бауыржан Момышұлы да ел басына күн туған Ұлы Отан соғысы кезінде батырлығымен, қолбасшылық дарынымен де дараланып көрінді. Москва түбіндегі сұрапыл шайқаста батальон командирі аға лейтенант Момышұлы бастаған жауынгерлер өшпес ерлік танытса, компат Момышұлының жауынгерлерінің ерлігі де тарихқа алтын әріппен жазылды. Батырдың есімі бар дүниеге әйгілі болып, аты аңызға айналды. Тумысынан асқан дарынды Баукең батыр бертін келе жауынгерлік шинелін қаламсапқа ауыстырып , жазушылық жолға бет бұрды. Қан майдан мен бейбіт өмірде көзбен көріп, көңілге түйгендерін енді қағазға түсіре бастады.

Сөйтіп Баукеңнің майдандағы ерлігі бейбіт өмірде заңды жалғасын тапты. Қолына қалам алып, халқына тамаша шығармаларын, сүйікті кейіпкерлерін сыйға тартты. Олардың қай-қайсысы да миллиондардың жүрегіне өзі болып, Бауыржан болып сапар шекті, сырласты. Сол арқылы кешегі қан майданда Халық Батыры атанған қаһарман ұлан, енді қаһарман қаламгер қайта туды.

Баукең батыр халықтың жақсы өмір құруына зиянын тигізетін кесір атаулының бәрімен аяусыз ашық айқасқа түскен жан. Оның қай кезде, қандай жағдайда айтқан сөздері болмасын елді бірлікке, бірлесіп тіршілік етуге үндейді, халықтың дінін, тілін, мәдниетін, салт-дәстүрін сақтауға шақырды. Баукеңнің ақ алмастай өткір сөздері ешқашан да маңызын жоймақ емес. Бүгін де солай. Халықты бірлікке шақырып тұрғандай.

 Бұл кітапты оқый отырып:

НЕ БІЛДІМ?- Бауыржан батырдың балалық шағымен терең таныстым. Қызықты әңгімелер болғаны соншалық ішіне кіріп кеттім. Бауыржан батырдың ат ұстауды, шабуды ерте үйренгенін, алғырлығымен, тез қағып алатының білдім.

НЕ ТҮЙДІМ?- Балалықтың балғын шағын бағалап, қызығына шомылып, бата, өсиет алуды ойға түйдім.

 

Оқырман, достар, Баукең есімі қандай құрметке де лайық.

"Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді,

Тарихтың түкпірінен сөз келгенде"-деп өзі айтпақшы, Бауыржан атамыз есімі де өзін сүйген, өзі сүйген халқының жүрегінен мәңгі орын алып, онымен ғасырлар бойы жасай бермек. Олай болса бізде, сіздерде ата өсиетіне адал болайық, азамат болуға ұмтылайық!