Батыл қыз- Фатима
Арманның ақ желкенін үрлеп, шалғайдағы ауылымнан, алып шаһар Алматыға біліп іздеп, келгеніме үш айдан асып кетіпті. Шіркін-ай көп қолы жете бермейтін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ға, ауылдың қара домалақ баласы оқуға түседі деп кім ойлаған. Несібе шығар, кім білсін. Алғаш қалаға келгенімде қала көркіне менің таңырқағаным шамалы. Өзіміздің Шымкент секілді күйбең тірлігін тіршілігіне арқау еткен алып қала. Ал бірақ мына КазҰУ ды көргенде өз көзіме өзім сенбей, Алматыға келгенміне сол кезде сенікірегендей болдым. Жеке өзі қалашық. Ех шіркін КазҰу…..
Иә оқу орнынының жатақханасына орналасып, университет жүйесіне үйреніп, қалаға бейімделе бастадым. КазҰу маған керемет жандарды сыйлады. Білдей Журналистика факультетіне оқуға түстім. Әдебиет сүйер дос Берікті, қос бұрымы өрілген ғашығым Тоғжанды жәнеде арман үшін күрескен, батыл қыз Фатима апкені маған тағдыр, осы оқу орнында таныстырды. Ғашығым мен досты қоя тұрып мына мен өмірімде көрмеген Фатима апамды баяндасам. Алғаш оқу орнында қасымдағылардан бізбен бірге отыздан асқан бір апай емтихан тапсырып жүр екен деген сыбыс естіген болатынмын. Бірақта ол сөзге аса мән бермеген едім. Кейін сол кісімен бір группаға бірге түсіппін. Группа ішінде танысу кезінде, аласа бойлы, көзілдірігінен қос жанары от шашқандай жарқыраған , өмірде көрген тепкісі сол жанарының астына бір екі әжім салып үлгерген жүзбен орнынан ептеп тұрып бізге былай дегені әлі есімде.
Фатима апке
-Менің аты жөнім Фатима Сабырова. Қарағанды қаласынан келдім. Өздеріңізге белгілі менің жасым отызда. Яғни сіздерден біршама жас үлкенмін. Осы жасымды сыйлап мені апке деп атауларыныңызды сұраймын. Артық әзіл қалжыңды көтермеймін.-деп біздің болашақ қылтың сылтыңызмызға алдын ала бөгетті қоя салды. Группа ішінде отқан бүкілі үнсіз бас изеп қана отырды.
Группаластармен танысу тәмәмдалғаннан кейін, мен жаймен Фатима апкенің қасына бардым. Бар ойым , көкейімдегі бір мазасыз сұраққа жауап табу болатын. Отыз жаста білім іздеп осы Алматыға келуге не себеп болды екен?! Фатима апке маған бірден ашыла қоймады. Ұяң тұйықтау қалпынан танбайтын. «Бір көрген таныс екі көрген туыс» деген сөз бар емеспе. Осылай Фатима апкемен таныс болып кеттім. Группалас болғаннан кейін әңгімеміз көбіне сабақ жайында өрбитін. Бірде бар күшімді жинап сұрақты төтесінен қойып қалғанмын.
Фатима апке сіздің осы жасқа келіп білім іздеп келуіңізге не себеп болды?-деппін түйеден түскендей төтесінен. Артынан қалай өкінгегімді сұрамай ақ қойыңыздар. Тосыннан қойылған зілді сұраққа Фатима апке еш ойланбастан
Еее Сәкен, бұл сұрақ тек сенің емес сенімен жасты бүкіл групаластардың да ойында жүрген сұрақ. Бәрі сұрағысы келеді. Бірақ бата алмайды. Мен саған айтайын:
Мен негізі Қарағанды қаласында дүниеге келдім, отбасым сол жақта. Ағам мен және жалғыз шешем үшеуміз осы күнге дейін бір бірімізге демеулік қылып өмір сүрдік. Әкем елу жасынан аса бергенде жаман аурудан ұзақ төсек тартып жатып қалып, ақыры о дүниелік болды. Мектепті тәмәмдаған жылдары мен осы Әдебиет пәні бойынша мамандық таңдағым келген. Бала кезімнен әдебиет ке жақын болып өстім. Содан соң журналистика саласына баруға бел байлаған едім.Алайда әке шешем қыз балаға бұл сала қол емес. Сен мұғалім немесе медбике болуың керексің деп, мені зорлықпен өңірдегі медколеджке оқуға түсірген болатын. Үш жыл он айдан кейн оқуымды аяқтаған соң, Қарағандыдағы орталық ауруханаға жұмысқа тұрдым. Сонда он жыл жұмыс жасадым. Бірақ ол жұмыс көңіліме бақыт нұрын құя алмады. Әркүн сайын арманым менің жүрегімді тілгілейтін еді. Осы жылы бар күш жігерімді жинап, арманым үшін жылы орнымды тастап, осында оқуға келуге шешім қабылдадым. Бұл шешімді естіген әріптестерім, туыстарым, достарым мені қолдай қойған жоқ. Бірақ жалғыз анам демеу болды. Тәуекелдеп айлығы тым жақсы жұмысымды, жалғыз анамды қиып осында білім іздеп, арман артынан еріп келдім. Ия бір көрген жанға бұл ісім нағыз ақымақ адамының ісі болып көрінетін шығар. Бірақ мен көп сөзін құлаққа ілмедім. Көпті тыңдасаң сан соғып қаласың. Тек қана жүрек қалауы бойынша шешім қабылдау керек екен. Өз-өзіңді тыңдау керек Мен соны ұқтым.-деп аяқтады әңгімесін Фатима апке. Мұндай жауапты күтпегеннен кейін бе? Таңырқап отырып қалыппын. Әңгіме аяқталған кейінде сол әңгіме бойынша тұнған ойдың құрсауында біраз отырып , Фатима апке түртіп ес жыйдырмағанда әлі біраз отыратын түрім бар екен. Мен не айтарымды білмей, күшті күшті деумен ғана шектеліпін. Кешке жатақханада , төсекке бас қоя салып бүгінгі Фатима апкеннің хикаясы ойымнан кетпей қойды. Қазіргі қазақ қоғамында қалыптасып, бұзылмастай көрінген тізесі шыққан ұстанымды тас талқан қылған тау денелі Толағай емес, қаршадай қазақ қызы болады деп кім ойлаған. Білім алудың ерте кештігі жоқ екендігін бүгінгі қоғам әлі ұғына алмай келеді. Өз армандаған саласына түспей, қу құлқынның күйін күйттеп басқа салаға ағылады. Бірақта сүймеген ісі өзіне пайда бермейтінін өте кеш ұғынады. Ал Фатима апке болса өзіне деген теріс ойлы қоғамды елемей, арманы үшін күресіп қазір бізбен білім алуда. Неткен батылдық, қайсарлық, өжеттік десеңізші. Отыз жаста болып он жеті жасар балалармен білім алу. Кейбір жандар үшін намысқа тиер ерсілік шығар бірақ шын білімпаз, арман үшін күрескер үшін бұл түкке де тұрмайтын сынақ. Арман үшін күресіңізді тоқтатпаңыз Фатима апке! Сізге тек қана сәттілік тілеймін….-Деп жатып көзім ілініп,шырт ұйқыға қалай еніп кеткенімді байқамай қалыппын.
Ескерту
Қысқаша әңгімедегі кейіпкерлердің прототтипі алдынды. Аты -жөндері өзгертіліп оқиға өңделді. Орфографиялық қателіктер үшін кешірім сұраймын!
Берден Хамза Бақытжанұлы
berdenovhamza@gmail.com
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.
Журналистика факультетінің 1-ші курс студенті
Алматы қаласы 2022жыл