Башқұрттың даңқты батыры Салауат Юллаев

Башқұрттың даңқты батыры Салауат Юллаев
жеке
блог

Осыдан екі-үш жыл бұрын достарымызбен Башқұрт елінің Уфа қаласына сапарладық. Негізгі мақсат сол елдегі оқу орнына құжат тапсыру болатын. Башқұртсан негізінен Ресей Федерациясының құрамныдағы автономды мемелекет. Халқының көбі башқұрттар болғанымен орыс тілінде сөйлейді. Астанасы Уфа қаласының табиғаты ұнады. Көшелерге жасыл желек орнатылған, тал-терек көп. Ескі ғимараттар кеңес кезін еске түсіреді. Маған ерекше әсер бергені башқұрттардың даңқты батыры Салават Юллаевтың ескерткіші.

Салауат батырдың ескерткішін сипаттауға сөзім жетпейді. Батырдың құрметіне 1967  жылы салынған керемет өнер туындысы. Құдды тасқа жан бітетіндей, қазір тіріліп кететіндей әсер аласың. Сөйтсек, шынымен де башқұрт ағайын арасында "бір күні халық азаттық үшін күреске шықса, Салауат батыр тіріліп кетеді" деген аңыз бар екен.