Балалық шаққа саяхат...(Байқау)

Балалық шаққа саяхат...(Байқау)
жеке
блог

Барша оқырманға жалынды сəлем!

Кітап - ақылшы дос,  жол нұсқаушы ақылшы, асыл қазына.Иə, кітап жайында қандай теңеу айтсаңда артық етпес. Кітап арқылы өзің де шабыттанатының да рас екен.Осы кітапты оқи отырып өзім шабыт алдым əрі сіздерге жетуге асықтым.

"Балалық шаққа саяхат"

Бердібек Соқпақбаев (1924 - 1991)

15 қазанда Алматы облысының Нарынқол аулында туған.Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, кейіннен Мəскеуде жоғары əдеби курсты бітірген.Біраз жыл ауыл мектебінде бала оқытқан."Қазақ əдебиеті" газетінде, "Балдырған" журналында, Ш.Айманов атындағы Қазақфильм киностудиясында істеген.Шығармашылық жолын өлеңмен бастап, 1950 жылы "Бұлақ" атты жыр жинағын шығарды.

"Балалық шаққа саяхат" атты кітабын 1960 жылы шығарған.1965 жылы повесть бойынша жазылған киносценарийіне фильм түсірілген.

Кітап Бердібек атамыздың балалық шағы жайында.Сол кездегі оқиғалар.

Кітапты оқи отырып көзіңе жас алатын кездер де болады.Себебі, бастан өткерген қиындықтары тым қатты.Күніне тек құр қара талқанды ғана жеп өсу, ата-анадан жырақта жұмыс істеу.8 жастағы баланың ауыр жұмыс істеуі.Бұның бəрі қай оқырманның болса да жүрегін елжіретері анық.Қанша қиын болса да, оның қамықпағаны адамды жігірлендіргенімен қоса қуанта түседі.

Оқуда да үздік, ынталы болды.Ағасының жолын қуып ол да мұғалім болды.Осы жолға түсуінің бірден-бір себебі осы Сатылған ағасы болды.

Кітап ішінде 50-ге жуық əңгіме бар.Əрқайсысының өзі ерекше.Жазушының қарапайым тілмен-ақ əдемі жеткізуі қатты ұнады.Алдағы уақытта Бердібек атаның кітабын оқу ойда бар.

Сіздерге де оқуға кеңес беремін!