Бала тілі-бал

Бала тілі-бал
жеке
блог

Қайырлы күн, баршаңызға!  Құрметті Массагеттіктер. Газетке шыққан шығармаларымды тамашаласаңыздар болады. 

Менің атым Аяулым. 6  жастамын. Мен сурет салуды қатты жақсы көремін. Маған тәтем балалар күнінде бояу, қарындаш, қағаз сатып алып берген.  Қылқаламмен отбасымның суретін, ағаштар, гүлдер, далада ойнап жүрген балалардың суретін саламын. Ал жан-жануарлардан мен мысықты жақсы көремін . Мысықтың суретін салғанда оны кіп-кішкентай қылып , түсін аққа боядым. Ол өте әдемі болып шықты. Сонымен бірге аюды қонжықпен, қолында бал ұстап тұрғанын салдым. Аю үлкен, қоңыр түсті. Ал қонжық- мен кәмпитті жақсы көретін сияқты, ол тәтті балды жақсы көреді.  Күн сары болып балаларға күліп тұр. Тағы да түлкі,жылқы, құлынның суретін салдым.