Міне байқаудың мәресіне жақындадық. Байқауға қатысқан екі ай мен үшін үлкен тәжірбие болды. Барлығымыз байқау басталарда алдымызға мақсат қойып, сол үшін екі ай үздіксіз әрекет жасадық. Бүгін сол мақсаттарымызды қорытындылайтын уақыт келді.
Менің осы екі ай ішінде алға қойған мақсаттарым:
-Ұлттық Біріңғай Тестілеуге дайындалу;
-Жаңа тағам түрлерін үйрену;
Бірінші мақсатыма келетін болсам, ҰБТ-ге дайындалу үшін оны жоспарлап алып, сол арқылы жүйелі дайындық жүргізіп отырдым. Алдымен ҰБТ-ге таңдау пәнім физика пәнінен дайындалдым. Төменгі сыныптарды қайталап, есте қалып үшін тірек –сызба, конспектілер жасап отырдым. Формулалар жаттадым. Апта сайын 2-3 рет сынақ және онлайн тест тапсырып, қатемен жұмыс жасадым. Физикадан айтарлықтай нәтежиеге жеттім деп ойлаймын. Себебі өзім басында физика пәнінен көп қиналатынмын. Дайындығымның арқасында жақсы нәтежиеге жеттім. Дайындығымның барысын блогтарымда сіздермен бөлісіп отырдым.
Одан кейін қазақстан тарихы пәнінен дайындықты бастап кеттім. Қазақстан тарихы пәнінен де дайындықты жоспарлап, сол арқылы дайындалып отырдым. ҰБТ-ге дайындығым осымен тоқтап қалмайды. Үздік нәтежиеге жету үшін бар күш жігерімді саламын.
Екінші мақсатыма келсем, мен жазғы демалысымда жаңа тағам түрлерін дайындап үйренуді мақсат еттім. Алға қойған барлық мақсаттарға жоспар құру керек екендігін түсіндім. Сондықтан алдымен мақсаттарымды жоспарлап алдым. Тағам дайындауда алдымен оңай мәзірлерді (бәліштер,торттар т.б), одан кейін әзірленуі қиын, бірнеше сағат дайындалатын тағамдарды үйренуді жөн көрдім.
Ең алғашқы мәзірім «тосап бәліші» болатын.
Одан кейін «Зебра» тортын дайындап үйрендім.
Көбіміздің сүйікті тағамымыз мантыны дайындадым. Және оны түрлі пішінде жасап үйрендім.
Түрік тағамдарының бірі донер-кебабты үй жағдайында жасап көрдім.
Өте дәмді картоп пісірмесін дайындадым.
Және француздық десерт дайындап үйрендім.
Міне мақсаттарым осылай орындалып, өз нәтежиесін берді. Бұл менің Массагетпен бірге жеткен жетістіктерім. Осы орайда оқушылардың басын біріктірп, біздің жазғы демалысымызды тиімді әрі қызықты өткізуіміз үшін осындай байқау ұйымдастырып отырған Массагет ұжымына алғысымыз шексіз! Және маған үнемі қолдау көрсеткен жетекшім Нұрбол Нұрмаханұлына, «Парасат» тобының мүшелеріне (Парасатиктерге) үлкен алғысымды білдіремін. Осы жандардың арқасында бүгін мен осындай дәрежеге жеттім.
Массагет ұжымына шығармашылық табыс тілеймін. Тек биіктерден көрінулеріңізге тілектеспін!