Айтыстың топ жарған ақыны кім?

 

21 қараша күні Алматы қаласында орналасқан Абай атындағы Республикалық мектеп-интернатында III республикалық оқушылар айтысы болып өтті. Бұл айтыста қазақтың бетке ұстар азаматттары бой көрсетті.

Мемлекетімізде "Asyltas" форумының қолдауымен Абай атындағы РММИ-де "Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін" атты III республикалық оқушылар айтысы өтті. Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің одағының басқарма төрағасы Жүрсін Ерманов, "Тас кредит" ЖШС директоры, "Asyltas" қоғамдық қорының құрылтайшысы Дулат Тастекеев, айтыскер ақын Аслан Ғафуров, Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының атқарушы директоры Серік Қалиев, айтыскер ақын Талант Арғынғали сынды әділ қазылар төрелік етіп, айтыс тізгінін айтыскер ақын Шұғайып Сезімхан ұстады.
Әділ өткен бұл айтыста Нұрмағамбет Қанат(Түркістан обл. ), Хамрақұлов Қуанышбек (Нұр- Сұлтан қаласы), Иса Нұрасыл (Атырау обл.) Нигматов Данияр (Қостанай обл.), Аман Рахат ( Шымкент қаласы) шабыттандырушы сыйлығымен марапатталып, ақшалай 15000тг иеленді. Жүлдені Рүстем Қайыртайұлы табыстады. III орын алған Піржан Сандыбай ( Қызылорда қаласы), Құлшар Бекзат (Ақтөбе обл.), Қазыбек Жалғас (Абай атындағы РММИ) 25000тг ақшалай жүлдемен марапатталды. Болат Тәңірберді (Түркістан обл.) және Асылбекқызы Айым (Алматы обл.) II орын және 40 мың тг ақшалай сыйақымен марапатталады. Айтыста I орын жүлдегері атанып, 50 мың тг ақшалай сыйлықпен марапатталған Қанапия Алтынай ( Абай атындағы РММИ) . Қызылордалық Төлеген Айқын Бас жүлде иеленіп, 70000 тг ақшалай сыймен марапатталды. Жүлдені Жүрсін Ерман табыстады.

Абай атындағы мектеп-интернатының жетекшілігімен, "Asyltas" қоғамдық қорының демеушілігімен, ұлы Абайдың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған " Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін " атты III республикалық оқушылар айтысына төрелік еткен әділ қазылар алқасына Абай атындағы РММИ қазақ дәстүріне сәйкес шапан жауып, құрмет көрсетті.

                                           Абай РММИ    

                                    10 сынып оқушысы Садуахасова Дана



Бөлісу: