Айналайын, Ақбұлақ! (байқау)
блог
Өткен жолғы блогымда ауылымыздың мақтанышы "Ақбұлақ" туралы фоторепортаж жасағым келеді деп айтқан болатынмын. Осы уәдеме орай фотоаппаратымды қолыма алып, бұлаққа қарай жол тарттым.
Міне, мен таныстырғым келген бұлақ осы.
Су деген –тіршіліктің наны емес пе?
Су деген –табиғатың жаны емес пе?
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,
Күміс су қара жердің сәні емес пе? !
Бұлақтың моделін қазақтың үй жабдығы киіз үй секілді етіп жасаған.
Ауылда ынтымақ пен татулық орнып тұрсын деген ниетте бұлақтың төбесіне шаңырақ орнатқан.
Және қабырғаларында қазақтың бұлақ жәйлі мақал - мәтелдері жазылған.
Адамдар дем алып отыру үшін осындай арнайы орындықтар жасалған.
Бұлаққа көрік беріп тұрсын деп осындай тартарды арнайы әкелінген.
Бұлақ бастауын осы жерден алады.
Бұлаққа келген қонақтарға су алып ішу үшін осындай арнай қазандықтар орнатылған.
Бұлақ аумағы қоршаумен қоршалған.
Ауыл төрт жол торабында орналасқандықтан жолдан өткен-кеткен көліктер міндетті түрде осы бұлаққа ат басын бұрады.
Айналайын, Ақбұлақ
Асыр салғам жағаңда
Сенен артық өлкені
Бұл әлемнен табам ба!