Айна алдындағы МЕН

 Айна - тазалықтың, әділдіктің, ақиқаттың символы. Айна ешқашан алдамайды. Сіз күлсеңіз күледі, мұңайсаңыз бірге мұңайады. Айнаға қарағанды ұнатпайтын жан баласы жоқ шығар, сірә. Мен де солардың бірімін. Айнаға күнделікті бет-әлпетімізді не киімімізді бір ретке келтіріп алу үшін аз ғана уақыт көз саламыз. Ал бұл жолы ерекше айнамен кездесуге келдім. Айнаның арғы жағында дұшпаным ал бергі жағында өзім. Ол дұшпанымның есімі - Жалқаулық.

 - Мен болашағым жарқын азаматшамын. Жақын күндерде он бірінші сыныпқа аяқ басамын. Бұл мектептегі ең соңғы жыл болғандықтан әрбір уақытымды бағалай білуім қажет. Ал ең маңыздысы, ата-анамның сенімін ақтар және 11 жыл бойғы білімімді сынға салатын үлкен сынақ күтіп тұр. Мен Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниет білдіремін. Сонымен қатар, жоғары балл аламын.

- Неге? Неге ҰБТ-ға қатысқың келеді? Оған көп дайындалуың қажет. Жүйкең өте қатты шаршайды. Демалуға, теледидар көріп, әлеуметтік желілерде отыруға мүүлдем уақытың болмайды ғой. Жо, жоооқ. Қатыспа. Керек емес. Жастық шақты білімге арнап, бас қатырып қайтасің? Демал, көңіл көтер. Осы сәтпен өмір сүр.

 - Жоқ. Маған жрқын болашақ қажет. Осы сәтпен өмір сүру жарқын болашақ жасауға кедергі болады. Болашағымды ойлауым қажет. Білім - жарқын болашаққа бастар қақпаның кілті. ҰБТ- дан жоғары балл алып, мемлекеттік грант иегері болсам деймін.

 - Грант. Тұнып тұрған қиындық қой ол. Грант иегері атану бір бөлек, ол гранттан түсіп қалмау тағы бар. Ата-анаң бар ғой. Солар-ақ ақылы оқуға түсірер. Неге грантқа талпынасың?

 - Әңгіме ақшада емес қой. Негізгі мақсат үздік білім алып, үздік маман болу. Өз еліме адал еңбек етсем деймін.

 - ЖООООҚ. Осының бәріне бас қатырып қайтесің? Ұлттық біріңғай тестілеуден де, үздік білімнен де, еліңе еңбек етуден де бас тарт. Уақытыңды мектеп, универде не үлкен шет мемлекеттерде емес, өзіңнің ауылыңда, өз үйіңде, өз бөлмеңде өткіз. Білімге уақыт арнама. қайтеесің оны? Одан да теледидар көр, телефанмен де қызықты уақыт өткізуге болады. Түрлі әлеуметтік желілерге кір. Бұларға ойланыып, шаршаап, кітап оқудың қажеті жоқ. Оқымаған адамдар да өмір сүріп жатыр ғой. Оқымадым екен деп о дүниеге аттанып кетіп жатқанын қайдан көрдің? Шаттан, демал, көңіл көтер. Тек уақытыңды білім сияқты қажетсізге арнамааа.

 - Доғар!!! Мен алдыма мақсат қойдым. Тек адал жолмен жүріп сол мақсатыма жетемін. Жаратқан мен ата-анамның қолдауы бар кезде, мені ешкім де тура жолдан адастыра алмайды. Иәә, оқымағандар да өмір сүруде. Бірақ білімсіз өмір, өмір емес - қара түнек. Мен қараңғылықта өмір сүргім келмейді. Дәл осы керексіз деп отырған істерің мені жарқын болашаққа жетелейді. Менің мақсатым мыықты бір қамал іспеттес. Оны ешкім бұза алмайды. Әсіресе, СЕН. Бұл ғана емес менің алға қойған түүрлі мақсаттарым бар. Мен ол мақсаттарыма жетемін. Ал сен маған кедергі жасай алмайсың!

Осы сәтте айнаның арғы жағынан ешқандай дыбыс шықпады.

 - Бітті. Бұл кездесу де аяқталды, менің құрметсіз дұшпаным. Мен сені сөзбен-ақ жеңдім. Енді іске көшер сәт келді. Айтқанымның барлығын іс пен дәлелдеп, сені тағы да бір жеңеріме сенімім мол. Мейлі, сен маған кедергі жасаудан жалықпасаң, мен де сол кедергіңе қасқайып қарсы тұрудан жалықпаймын.

P.S. Бұл кездесудегі айтыста мен алға қойған биік мақсатыма деген сенімімнің арқасында жеңіске жеттім. Сіздерге айтарым, алға қойған мақсаттарыңызға адаспай тек адалдықпен жетіңіздер. Әр кедергіден сабақ алып, жігерленіп, мақсатыңызға ұмтылыңыз. 



Бөлісу: