Адамның өз-өзіне есеп беруі оны алға жетелері анық. Өзінің істеген қателіктерін енді қайталамауға тырысып, сол қателіктен сабақ алады. Ал жетістікке жеткен болса "мен бұдан де ұлы белесті бағындыра аламын" деп алдына мақсат қояды. Жалпы, айта берсек өзімізге өзіміз есеп беріп отыруымыздың пайдасы өте мол. Мен де бүгін өзіме есеп беріп көрдім.
Жап-жарық, салқын бөлмемнің есігін ашып, үлкен айнаның жанына жайғаса кеттім. Өзіме сұрақ қойып, өзім жауап бердім. Сұрақтарымның біразы "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" байқауында алға қойған мақсаттарым жайында болды.
- Мақсат не үшін қажет?
- Өмір сүру үшін. Жақсы өмір сүру үшін алдымызға түрлі мақсат қоюымыз қажет.
- Сенің ең ұлы мақсатың?
- Алдыма қойған кішігірім мақсаттарымның барлығы орындалса, мен ұлы мақсатымның шыңына шықтым деп білемін.
- Ал "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" байқауында алдыңа қандай мақсаттар қойдың?
- ҰБТ-ге дайындалу, дәмді тағамдарды дайындап үйрену және Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың өмірі мен шығармаларын зерттеу.
- ҰБТ-ге дайындығың қалай болып жатыр?
- Ойдағыдай. Ағылшын тілінен қосымша сабақтарға барып жүрмін. 9 сабақтан кейін 1400 ағылшын тіліндегі сөздерді жаттап, 60-қа жуық грамматикалық тақырыптарды меңгердім. Дүние жүзі тарихы және Қазақстан тарихы пәндерінен ғаламтордағы түрлі қосымшалар арқылы және түрлі қосымша кітаптар арқылы дайындалудамын. Ал оқу сауаттылығы мен математикалық сауаттылыққа келер болсақ алдынғы жылғы түлектердік тест кітапшаларын алып сондағы тапсырмаларды орындаудамын.
- Жарайсың! Ал Қожа Ахмет Яссауи бабамызды зерттеуің ше?
- Ол мақсатым да жүзеге асуда. Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың өмірі мен кесенесі туралы түрлі мағлұматтар тауып, оларды жадымда сақтап қалдым. Сонымен қатар бабамыз жазған хикметтерді де жаттауға кіріскен болатынмын. Әзірге 27 хикмет жаттадым.
- Бұл жетістігің мені ерекше қуантты. Ал тағы бір мақсатың қалып қалыпты ғой. Сен ол туралы бір-ақ рет блог жазыпсың. Әлде дәмді тағам дайындау қолыңнан келмей жатыр ма?
-Жоқ, мүлдем олай емес. Осы жылғы жазда маған көп еңбек етуге тура келді. Еркелеп өскен кенже қызға үйдің шаруалары тоолықтай міндеттелді десем де болады. Қазақ тойшыл қауым ғой. Осы үш айда әулетімізде үлкеен қуаныштар болып, той-думанға толды. Сондықтан да, менде уақыт тығыз болды. Алтындай уақытымды сараптап, сабаққа, блог жазуға, үй шаруасына, апатайымның үйіне барып той шаруасына көмектесуге деп бөліп тастадым. Түрлі дәмді тағамдарды дайындап жатырмын. Бірақ олардың көөпшілігін суретке түсіріп үлгермеймін. Қазірде туыстарымыздың арасында мен дайындаған тәттілер мен салаттар ерекше сұранысқа ие болып тұр. Тағамды дайындап бола салысыммен оны ақ дастарханға апарып, құрметті қонаққа ұсынады. Не суретке түсіріп үлогермеймін, не дәмін татып көрмеймін. Үстелді жинап жүрген кезде "Назикон, тағамың дәмді болыпты, маған құрамын айтшы" деген сөздерді естіп, "Шүкір" деп біір жеңілдеп аламын. Дегенімен үйде аз ғана бос уақытым болғанда үйде тұрған түрлі нәрселерді араластыра салып, бір дәмді тағам әзірлеп, жыылдам суретке түсіріп аламын. Сурет төменде:)
- Тамаша, жарайсың. Осы жазда уақыт қадыірін жаақсы түсінген сияқтысың.
- Шынымен де солай :)