Ауылым-алтын бесігім (байқау)

Ауыл- халқымыздың алтын бесігі, түп төркіні. Бізге дейін сан толқын ұрпақтың кіндік қаны мен маңдай тері тамған киелі мекені. Менде сол киелі мекеннің тумасымын.

Жасқайрат ауылы- менің дүние есігін ашып, өмірге келген жерім. Жасқайрат селосы-Атырау облысы, Қызылқоға ауданының құрамында. Ауылым- Тайсойған құмынан ағып өтетін Ойыл өзенінің  жайылмасы бойындағы ұсақ көлдердің  жағасында, шөлейт белдемде орналасқан.

Ауылымыз шөлейтті болғандықтан, негізінен жусан, адыраспан сияқты өсімдіктер өседі.

Жаз басталар уақытта аулама гүлдер еккем. Қазір гүлдерім өсіп, ауламның сәніне айналды десем де болады.

Ауылымыз шөлейт жерде орналасқандықтан, құмды болып келеді. Ауыл сыртындағы бұл құмдар ауыл балаларының сүйікті орыны. Мен де сол құмға аунап өскен ауыл балаларының бірімін.

Ауылымыздағы орталық парк.

Менің алтын ұя мектебім. Шүкір Таңатарұлы Еркінов атындағы орта мектеп.

"Шалқыма" мәдениет үйі. Ауылымыз үшін көпжылдық тарихы мен өзіндік орны бар ұжым.

Округ әкімі аппараты.

Ауыл дәрігерлік амбулаториясы.

Ауыл тарихына өзіндік із қалдырған тұлғалар.

Ауылымызда құрылыс қызу қарқынмен жүруде. Жақында ауыл емханасының құрылысы аяқталды. Енді жаз соңында қолданысқа беріледі деп күтіп отырмыз.

Бұл да ауыл балаларының сүйікті орындарының бірі.

Ауылымыз толықтай табиғи газбен, таза ауыз сумен қамтылған.

Тас жолдың құрылысыда басталып жатыр.

Кеш түсе ауылға өрістен мал келеді.

Қой бағып келе жатқан ауылдың жас бақташылары.

Күн де ұясын батты. Міне менің ауылым осындай.

Келешекке үлкен сеніммен көз тастасақ, біздің ауылымыз- сәулеті асқан, рухани дамыған, құтты мекенге айналары сөзссіз. Ауылдың көркеюіне мен де өз үлесімді қосамын.



Бөлісу: