Ас ұсындым дәмдірек... (байқау, арнайы тапсырма)
блог
Сәлем Массагеттік достарым мен оқырман көрермендер! Белгілі себептермен массагеттен біраз уақыт алшақтап қалдым. Берілген тапсырманы да біраз кешірек орындадым. Бірақ өмір біздің ойлағанымыздай біз жоспарлағандай болса, қанеки, шіркін, арман деген нәрсені ұғынбайтын болар едік. Алла жазғаннан артық ештеңе болмайды емес пе?! Ал сонымен тапсырмамды таныстырсам:
керекті ингредиенттер:
-картоп
-сәбіз
- болгар көкөнісі
- ет
- екінші тағамға арналған дәмдеуіш
-тағамға арналған полиэтилен
-тұз бен бүрыш
- онан соң әлбетте ықылас, мейірім. Онсыз ешбір ісіміз қайырлы болмақ емес.
Дайындау әдісі:
Алдымен картоп, сәбіз, сарымсақты сыртқы қабығынан тазартамыз.
Тазартқан соң жақсылап жуып аламыз.Сонан соң көкөністер мен етті тураймыз, қарапайым пішінде.Ал сәбізді майдалағыштан өткіземіз.
Турап бітсек, табаққа бәрән салып приправамыз бен тұз сеуіп араластырамыз.
Байқасаңыздар екінші тағамға арналған дәмдеуіштің ішінен полиэтилен пакеті шығады, сол пакетке табақтағыны ұқыптап саламыз.
Жайғастырып болған соң, қысқатолқынды пешке саламыз да 20-30 минут 200 градус температурада қыздырамыз.
Арада уақыт өткен соң нәтижеге қол жеткіземіз.
Міне осымен тапсырма орындалды. Бұл тағамды сіз бұрын соңды көруіңіз мүмкін, бұл ережеге сай келмейді деген ой да да боларсыз. Болса болар бірақ мен бұл тағамды бұрын көрмедім, интернеттен де іздемедім. Бұл тағамды жасау үшін көп адаммен ақылдастым. Әркімнің ойын қорытындылай келе, осы тағам пайда болды. Жақсы кеңес бергені үшін белгісіз досыма алғыс білдіремін. Мен бұл тағамды Мейірім-Сұлтан деп атадым. Мейіріммен әзірленген ас дәмді болады, жесең көңілің толады, ал дәмді тамақты бәрі ұнатады, жұрт риза болса тағамның сұлтаны болады. Назарларыңызға рахмет!