Ас атасы - нан, інісі - печенье))) (байқау)

Ас атасы - нан, інісі - печенье))) (байқау)
жеке
блог

Қайырлы күн, оқырмандар! Міне төртінші апта да бел ортасына жақындауда. Бізде мақсаттарымызға жақындап келеміз. Әрине, жеңістен бәріміздің-ақ  дәмеміз бар. Осы жолда барымызды салып дайындық жасап, түрлі өнер үйреніп жатырмыз. Сондай мақсатымның бірі тағам әзірлеу болатын. Бұл жолы печенье жасау әдісімен таныстым. Оңай әрі қызықты екен. Осы жұмысыммен толық таныса отырыңыздар:

Керек заттар тізімі:

- жұмыртқа 4 дана

- ұн 10 ас қасық

- маргарин 100 грамм

- сгущенка

- қант ұнтағы

Дайындау әдісі:

1) жұмыртқаны кесеге жарып аламыз;

2) маргаринді жұмыртқамен араластырамыз;

3) ұн қосамыз;

4) қолмен илеп, бір қалыпқа келтіреміз;

5) иленген, дайын қамырды тоңазытқышқа салып қоямыз 1-1,5 сағат күтеміз;

6) қатқан қамырды ұсақтағыштан(тёрка) өткізіп, микротолқынды пеш тақтасына жұқалау етіп жайғастырамыз;

7) 180 градус ыстықта 20 минут қыздырамыз;

8) жартылай дайын печенье ұнтағын табаққа салып, оны сгущенка қосып жақсылап араластырамыз;

9) оған көлем беру үшін кішілеу стаканға толғанша нығыздап салып оны тарелкеге жайғастырамыз;

10) дайын болған печеньелерді тоңазытқышқа біраз қатқанша салып қоямыз, 30 минуттан соң алып дастарханға тартамыз;

Сіздерге де жасап көруге кеңес берем!

Құрметті оқырман,лүпіл басып, пікір қалдыра кетіңіз; біз үшін әрбір пікір маңызды.

Ал сіз үй жағдайында печенье жасап көрдіңіз бе?