"Аршалықтарым", "Ғарышымменен" "Бастауым"...

     5.Өлең шығаратын қасиетім бар. Сөздік қорымды кеңейтіп, Массагеттік достарыым жайында өлең жазу ойымда бар.

   Бәріңізге, қайырлы күн! Бүгін "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" байқауының үшінші аптасы басталған күн. Бүгін шыдамсыз қыздың  туған күні! Массагеттік достарымның қолдауының арқасында -мақсаттарыма біртіндеп жетіп жатырмын. Бұл өлең жолдары сіздерге арналады, Массагеттіктер!

 

-Сәлем, Көркеш!

-Әселөгім, қалайсың?

-Шүкір, жақсы! Қыдыруға қалайсың?!

- Жібермейді. Сабақ оқы қайтесің,

Білім алсаң қырандай боп самғайсың!

 

 -Жөн-ақ екен.

 Ішім пысты,Көркемім...

 Уақытым бос өтіп жатыр, тапшы емін!

 -Массагетке келсеңші сен, бақ сына,

  2 ай бойы қарсыласым бол менің.

***

-"Кемеңгерлер", қосылдым  жаңа қатарға!

-Қош келдің, Әсел! 2 айлық жарқын сапарға.

Қол ұшын созып, көмектесуге дайынбыз,

Келешек кемел, болашақ жарқын қашанда!

                          ***

-Тосырқап қарап, таныстым ғой бәрімен,

Сөздері көркем, тілдері жүйрік бәрінен.

Қайығы-арман, ескегі-мақсат - Айсұлу

Еліктемей-ақ, озады жастан-кәріден.

 

Арманына сенімменен қарайтын,

Иманды қыз, сәлеммен сөз бастайтын.

Кешегі ерке, бүгінде ол - жеңімпаз, 

Ару Айдана, спортта да жол бастайтын.


Ақниетімнің сиямен салған жолы бар

Массагетте өзгеден бөлек орны бар.

Әр блогын, асыға күтіп жүретін

Жанашыр досы, сүйікті оқырмандары бар.

 

Жұлдызы жанған джиу-джитсудың шебері

Бір басынан артылып жатыр өнері. 

Жарық Жұлдыз - онсыз айқын бағдар жоқ,

Мақсаты оның келешегінің желкені.

 

Бахытнұр біздің уақытын текке өткізбес, 

Белді буып, алға шапса жеткізбес.

Шығыста туған қазақтың көркем, сұлуы 

Шет елге асып, тіл үйренуден сескенбес.

 

Батыстың қызы Арай екеуміз жерлеспіз,

Екеуіміз де спортты серік еткенбіз.

Болашақ сыншы, рецензент - Араймен бірге,

Тіл үйренуге құштар болып өскенбіз.

 

Ендігі сөзді жетекшім жайлы толғайын
Бала көңілден ұстаз жүрекке жол дайын.
Әсел апайым, көңілі дархан, жаны жаз
Сөз алған кезде сайрап кетеді, әсем бұлбұл құстайын.

Бақыты оның "Массагеті", достары  
Массагет десе жалындап тұрар жас жаны.
Өзгелерден ерекше тылсым күші бар
Өзіне тартып, баурап алатын басқаны.

 

Басқаны емес, тек Массагетті оқимын,

Жай оқып қоймай, көңілге мықтап тоқимын.

Мақсатымызға бірге жетейік достарым,

"Аршалықтарым", "Ғарышымменен" "Бастауым"

 

Меншіктеп алдым, достарым ғой деп сіздерді, 

Айқын мақсат қой алға жетелер біздерді!

Төрт әлем болып, төртке бөлініп іс бітпес,

Бірге болайық, бірігер уақыт келді енді.



Бөлісу: