Сəлемдесу біздің ата-салтымыз болғандықтан, сəлеммен сөз бастағалы отырмын. Армысыздар, еліміздің өркендеуіне үлкен үлес қосып, жалынды жастарымызға жаңа үміт сыйлап, мақсатына Массегетпен бірге жеткісі келетін керемет жандар!
Анасының сенімін, дос-туысқандарының үмітін арқалап жəне оған жету үшін талпыныс жасап жүрген қазақтың қарапайым қызы "Жүрегінде иманы баржай ғана
Мен боламын Турткулбаева Айдана".
Желтоқсанның 28-ші жұлдызында, қазіргі Жамбыл облысы Жуалы ауданына қарасты Нұрлыкент ауылында дүниеге келдім. 10- сыныпты тəмамдап, 11- сыныпқа қадам басқалы отырмын.
Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттер аралас жүргендіктен, бойымнан жақсы дүниелерді көргім келетін, мақсаты- бақытты болу, арманы - журналист маманы атанғысы келетін, кешегі - ерке, бүгінгі - мақсаты үшін ерінбей еңбек етуі керек, Алла қаласа, болашақ- журналист болатын иманды да, қарапайым қыз...
Бос уақытымды жаңа кондитерлік тағамдар əзірлегенге жұмсаймын(қызықты, əрі пайдалы).
Ал хоббиімме келер болсақ:
Осы жоба арқылы өзім сияқты арман-мақсаттарына жеткісі келетін өрендермен танысқым келеді. Жаңа идеяларын бөлісіп, талқылап, керемет жаңа дос табу үшін. Биыл бірінші рет бұл байқауға қатысып тұрғандықтан өзге қатысушылармен тəжірбие алмасу арқылы "Кемеңгер " тобының жеңіске жеткенін қалаймын. Тек алға!
Массегеттің əрбір жазбасы адамды қызықтырмай қоймас. Осындай пайдалы жазбалардан керек кеңес алатындай қызықты блогтар жариялануы тоқтамаса екен. Байқау, əрине, жеңіс пен жеңілістен тұрады. Бірақ, адам көзінде от болмаса оның алға талпынуы кешеуілдейді. Сондықтан ерік-жігеріңе күш салу арқылы тобымызды жеңіске жетелеу маңызды!