Арманына сенімменен қарайтын...(Байқау)

Арманына сенімменен қарайтын...(Байқау)
жеке
блог

        Сəлемдесу біздің ата-салтымыз болғандықтан, сəлеммен сөз бастағалы отырмын. Армысыздар, еліміздің өркендеуіне үлкен үлес қосып, жалынды жастарымызға жаңа үміт сыйлап, мақсатына Массегетпен бірге жеткісі келетін керемет жандар!
        Анасының сенімін, дос-туысқандарының үмітін арқалап жəне оған жету үшін талпыныс жасап жүрген қазақтың қарапайым қызы   "Жүрегінде иманы баржай ғана

                                                Мен боламын   Турткулбаева Айдана".

Желтоқсанның 28-ші жұлдызында, қазіргі Жамбыл облысы Жуалы ауданына қарасты Нұрлыкент ауылында дүниеге келдім. 10- сыныпты тəмамдап, 11- сыныпқа қадам басқалы отырмын.

         Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттер аралас жүргендіктен, бойымнан жақсы дүниелерді көргім келетін, мақсаты- бақытты болу, арманы - журналист маманы атанғысы келетін, кешегі - ерке, бүгінгі - мақсаты үшін ерінбей еңбек етуі керек, Алла қаласа, болашақ- журналист болатын иманды да, қарапайым қыз...

        Бос уақытымды жаңа кондитерлік тағамдар əзірлегенге жұмсаймын(қызықты, əрі пайдалы).
Ал хоббиімме келер болсақ:

  •       Ойымды күнделікті өмірден бөлек əлемге алып кететін бойымдағы жақсы дүнием ол - кітап оқығанды ұнатамын. 
  •         Біреуге ренжіп, мазасызданғанда билеуге,айқайлап əн айтуға жаны кұмар адаммын. Кейде шабытым оянғанда өлең шумақтарын шығарып, мәнерлеп оқуға да қызығатыным бар.
  •                Көп нәрселер ойымда болса тезірек кішкентай күнделігіме түртіп алғанды, жақын, жақсы адамдарыммен керемет идеяларды талқылағанды ұнатамын.
           Жеке тұлға ретінде өзімнің ерекше қалыптасқанымды жөн деп санаймын. Алайда əр адам өзіне жігер беру үшін қандайда бір тұлғаға еліктеуі керек ! Менде еліктейтін, сол кісінің өмірін оқып, сабақ алар жағдайларын кездестірдім. Ол америкалық тележүргізуші, продюсер, актриса- Опра Уинфри. Ғажап жан, өмірінің біраз бөлігі қиындықпен өткеніне қарамастан əлемдік "шоу Опра Уинфри " -дің тележүргізушісі, түрлі сыйлықтардың лауреаты атанды. Өмірлік ұстанымымда дəл осындай Опра Уинфри өміріне ұқсас: "Алға қарай ұмтылу, еш нәрсеге қарамай!". Адам бірнеше мүмкіндіктерді пайдалану арқылы шыңдалады, тек сабақ алып білу керек.

            Осы жоба арқылы өзім сияқты арман-мақсаттарына жеткісі келетін өрендермен танысқым келеді. Жаңа идеяларын бөлісіп, талқылап, керемет жаңа дос табу үшін. Биыл бірінші рет бұл байқауға қатысып тұрғандықтан өзге қатысушылармен тəжірбие алмасу арқылы "Кемеңгер " тобының жеңіске жеткенін қалаймын. Тек алға!

       Массегеттің əрбір жазбасы адамды қызықтырмай қоймас. Осындай пайдалы жазбалардан керек кеңес алатындай қызықты блогтар жариялануы тоқтамаса екен. Байқау, əрине, жеңіс пен жеңілістен тұрады. Бірақ, адам көзінде от болмаса оның алға талпынуы кешеуілдейді. Сондықтан ерік-жігеріңе күш салу арқылы тобымызды жеңіске жетелеу маңызды!