Арманым – асқақ биік таңдарым

Əрбір адам кез келген іске кірісерде алдына мақсат қоя білуі керек. Менің бұл байқауда алдыма қойған мақсатым:
• жаһандық тіл – ағылшын тілін меңгеру;
• кəріс халқының биін үйрену;
• журналисттік шеберлігімді арттыру.

Мен бұл байқауға осы үш мақсатпен қатысқалы отырмын. Өз-өзіме сенімдімін.
Бұл мақсаттарды алу себебімді түсіндірейін.

 Би менің өмірімнің бір бөлшегі секілді. Ал ағылшын тіліне келер болсақ, ол мені өте қызықтырады. Журналистік шеберлігімді арттыру болашақ мамандығымды шыңдауға да септігін тигізеді.

Мен бұл байқауға қатыса отырып мақсаттарыма бір қадам болса да жақындағым келеді. Адам баласы алдына мақсат қойып қана қоймай, оны орындай білуі керек. Мен мақсатыма жету үшін бəріне төземін. Тіпті қиын, мейлі, оңай болсын. Мақсатқа жету үшін талмай еңбектену, мақсатыма жетемін деген үмітті жандандыру керек.

Жекелей жеткен жеңіс, ол – бір адам өзінің ақылымен, ой-қиялымен ғана жұмыс істеп, жеткен жетістігі. Ал топтық жеңіс, ол барлық топ мүшелері ауызбіршілікпен, жұдырықтай жұмылғанда ғана келеді. Топтық жеңісті ешкім оп-оңай ала алмайды. Топтық жеңіс – барлық топ мүшелерінің ынтымақтастығы, ұйымшылдығы, бəрінің жеңіске жетеміз деген сенімдері. Байқауға қатысудағы мақсатым осы ағылшын тілін меңгеру және кəріс халқының биін үйрену, сонымен қатар журналисттік шеберлігімді арттыру.

Мен байқаудан өте жоғары нəтиже күтемін. Өйткені осы мақсаттарыма жететініме сенімдімін.



Бөлісу: