Баршаңызға жалынды сəлем! Мен "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" байқауының қатысушысы, 《ҒАРЫШ》тобының мүшесі боламын. Аты-жөнім - Кəрім Аяжан Қанышқызы. 2002 жылдың, 13 тамызында Батыс Қазақстан облысына қарасты Ақжайық аулында дүниеге келдім.
Қазіргі таңда 9 сынып бітіріп, 10-сыныпқа аяқ бастым.
Өзімді арманшылдар қатарына жатқызар едім, себебі армандарым ман мақсаттарым тым көп. Қалайтыным шеті жоқ армандарымның орындалғаны жəне мақсаттарым арманға айналмаса болғаны. Қазіргі мақсатым - сабақты жақсы оқып, өзіме ұнаған іспен айналысу. Түрлі байқауларға қатысып, өзімді сынау.
Сүйікті ісім - фильмдер, анимелер қарау.
Өзіме əрқашан жаңа нəрселер ашуға тырысамын, жаңа өлеңдер, кітаптар іздеген ұнайды.
Қазақтың көркем əдебиетімен қатар, əлем əдебиетінде сүйемін.
Сүйікті жазушым - Төлен Əбдіков. Барлық шығармасын оқыдым десем қателескенім емес. Оның əр шығармасын қанша рет оқысам да, тамсана оқимын. Кереметтілігі сонша қайталап оқи берсең де, қызықты. Психология жанры ұнағандықтан ба, шығармалары тартып, көзге ерекше болып көрінеді.
Болашақта Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін де филология бағытында оқып, білікті журналист болғым келеді. Кейін жасөспірімдерге арналған газеттерде, соның ішінде "Ұлан", "Ақжелкен", "Мөлдір бұлақ" газеттеріне өз үлесімді қосып, жұмыс жасағым келеді. "Массагет" порталына да қызмет етсем деймін.
Адам баласы тірі кезде мақсат, арман деген нəрселер таусылмайды деп ойлаймын. "Арманым жоқ" дейтін адамның да кішкентай жүрегінің түбінде
алып арман жатуы да мүмкін. Адамдар жоқтан барды жасап, өзіне расымен ұнайтын іспен айналысулары керек. Мен де.
Байқауда жеңіске жетсек те, жеңіліс тапсақ та маңызды емес. Маңыздысы кезекті жазғы демалысымызды пайдалы етіп өткізу жəне жаңа достар табу.
Осы жылы байқауға екінші рет қатысып жатырмын, алдыңғы жылы екінші рет қатысып жатқан қатысушыларға қызыққан едім. Енді сол күн менің басыма туғанына қуаныштымын!