Армандардан бастау алған мақсаттар...

                              Армансыз адам қанатсыз құспен тең!

  Әр адамның алға қойған мақсаттары болады. Жетістік мақсаттан басталады. Адам баласы әрдәйім ізденісте болуы керек. Мақсатты орындаудың өзі - мақсат емес пе?

  Мен өзімнің осы байқау барысында алға қойған мақсаттарымды жазар болсам:

  1. Ағылшын тілін үйрену. Ең бірінші кезектегі мақсатым осы болмақ. Бұл тілді меңгеру болашаққа өте қажет. Мен ағылшын тілін ғаламтордағы түрлі сайттар, кітап оқу, өлең жаттау және көптеген ән тыңдау арқылы үйренбекпін. Сонымен қатар, грамматикамды да жақсартып, түрлі жаттығу орындамақ ойым бар)

  2. Сурет салу. Маған сурет салған өте қатты ұнайды. Мен суретті тек қара қарындашпен ғана саламын))) Бос уақытым болған сәтте пейзаж, дудлинг секілді сурет түрлерін үйренгім келеді)

  3. Пианинода (синтезаторда) ойнап үйрену. Мен аздап қана ойнай аламын(тек оң қолмен). Менің басты мақсаттармның бірі - осы керемет аспапта жоғарғы деңгейге дейін жету(тым болмаса орташа). Менде үйрету сабақтарына баратын мүмкіндік болмағандықтан, ғаламтор арқылы үйренбекшімін.

  4. Білімімді жетілдіру. Қайталау - білім анасы. 9 сыныпқа аяқ басқалы отырғандықтан, емтихандарға дайындалып, ереже, формула жаттап, сонымен қатар болашақ мамандығымды анықтап алуым керек. Оқу бітіргенде, "Әттеген-ай!" деп өкінбеуім үшін, барлық қажетті тақырыптарды қайталаймын. Егер уақыт артылып жатса, 9 сыныпта өтетін есептерді үйрену ойымда бар.

  5. Шахмат ойнап үйрену. Шахматқа қызығушылығым жоғары! Шахмат ойнай аламын, еңді тек деңгейімді жақсартуым керек. Шахмат ойнайтын жан болмағандықтан, бағдарламамен ойнап үйренемін.

  6. Шпагатка отыру. Бұл әрине күлкілі шығар, бірақ қызықты) Бұрын "Шпагатка отыра аласын ба? " деген сұрақтарға "Жоқ" деп жауап берсем, қазір бұл сұраққа басқаша жауап бергім келіп жүр)

    Топтық жеңіс - көп нәрсені білдіреді. Топтың жеңіске жетуіне себеп болатыны- ұйымшылдық, бірлік, түсініспеушіліктің болмауы және бір-біріне қол ұшын созу. Сол себепті де топтық жеңістің маңызы зор. Топ болып жұмыс істеу арқылы, біз бірліктің не екенін, топ үшін татулықтың қандай орын алатынын, өзгелерге көмектесу қандай қуаныш сыйлайтынын біле аламыз.

    Мен Массагетке осындай байқау үшін ризамын! Бұл байқаудың оқушыларға берері бол. Оның бірі алдыңда айтқандай топтық жұмыстың маңызы болса, екіншісі алға ұмтылу! Ештеңеге қарамастан мақсатты орындау, жетістікке жету, және өзіңді-өзің жеңу! Мен "Кемеңгер" тобының мүшесі болғаныма қуаныштымын, бұйырса, жеңіске жетіп, өз ұмтылысымызды, мықтылығымызды көрсетеміз!



Бөлісу: