Мен жазғы демалысымда көп армандар ойладым. Менің көп армандарым орындалды және орындалмағаны да көп. Мен іске асқан армандарым үшін қуанып кетемін.
Мен орындалмаған армандарым үшін өкпелемеймін. Менің армандарым неге орындалмады? Мұның себебін түсіндірсем, ол былай болды. Мен уақытымды есептемей өте көп армандар жаздым. Барлығына бірдей үлгермей қазақ ертегілерін және Чарлидың тәттілер фабрикасы кітабын оқимын деген жоспарым орындалмады.
Мен енді білемін армандар орындалу үшін біреуін армандап ол біткен соң екіншісін бастау керек. Арман орындалмай қалса да жыламау керек. Оны ойланып қайта бастау керек.
Мен жазғы демалысымда жасаған армандарым үшін Массагет сайтқа рахмет айтамын. Ол менің корей тілін үйрену мен араб тілінің әріптерін үйренуіме, кітап оқуыма көмектесті. Мен әрі қарай үйрене бермекпін. Бұл байқауға келесі жылы да қатысқым келеді.