Good morning ladies and gentleman and readers of Massaget!
How are you? I am great! May be you know, I want to learn English and so I have just started it. I have watched video lessons. I learn English grammar with massaget’s correspondent – Zholdas Orisbay. After lessons, I pass the test about that theme every day.
I have studied more useful informations and important rules. Zholdas aga thank you very very much. I wish you success and good health. Ihope this job will be continue at the next time.
I study history of Kazakhstan for training GNT together with the english.
Қайырлы күн Массагет оқырмандары!
Сіздерге осы аптадағы негізгі екінші блогымды жарияламақпын. Мен ағылшын тілін үйренуді қалаймын және мен сол мақсатымды орындау үшін Массагет тілшісі Жолдас Өрісбай ағаның ағылшын тілінің грамматикасы жайлы видео-дәрістерін үйреніп жүрмін. Қазіргі күнде мен жиырмасыншы сабаққа келіп тоқтадым. Мен – өзіме маңызды мағлұмат жинап жатырмын. Сабақтан соң сол тақырыпқа арналған сайттағы тестерді шешемін. Жолдас аға сізге көп көп рахмет, еңбегіңіздің нәтижесін көріңіз, талмаңыз, қажымаңыз, ісіңізге береке берсін. Бұл жоба әлі ұзақ жалғасады деп сенем.
Мен ағылшын тілін меңгерумен бірге, Қазақстан тарихы пәнінен ҰБТ-ға дайындалып жүрмін. Мына кітапты оқып жүргеніме бір айдың жүзі болды. Бұл өте пайдалы жақсы кітап, бірақ мұның маған берері шамалы болып жатыр, ақиқатын айтсам. Себебі ішіндегі ақпараттарды толықтай жаттап қалу мен үшін қиынға соғып жатыр. Осы кітапты аяқтауға жақынмын, әр тақырыпты оқып болған соң артынша тестпен жұмыс жасаймын.
Ал сіз қандай кеңес ұсынасыз. Әлбетте жазыңыз
P.S.: Жолдас аға шәкірт ретінде сізден пікір күтем))