Араб тілін үйренуім (байқау)

Араб тілін үйренуім (байқау)
жеке
блог

Мен жазғы демалысымда араб тілін үйренемін деп жоспарладым. Мен бір жыл бойы жазғы демалысымда Қытай тілін үйренсем деп ойлап едім. Мұның себебі менің жан досым Женифер деген қытай қызы. Жазғы каникул басталғанда жоспарым өзгеріп араб тілін үйренгім келді. Мен сол себепті жазғы жоспарыма араб тілін үйренемін деп жаздым.

Менің әкемнің жан досы Катар елінің принці. Оның аты Мұхаммед. Ханзада менің інімнің атын Мұхаммед деп қойған. Егер мен араб тілін жақсы үйренсем Дохаға қонаққа барғанда барлығын түсіне аламын.

Мен араб тілі мен жазуына қатты қызықтым. Мен араб тілінде жазып және сөйлесем деймін. Жаз айларында араб жазуын ғана үйрендім. Мұның себебі маған араб жазуының қиын болу еді.

Араб әрпінде бірнеше түрде жазылады. Араб тілі теріс қарай жазылады. Араб тілі әлемдегі ең көп таралған тіл.

Араб тілінде жарты миллион адамдар сөйлейді. Араб тілін Азия, Орта Азия және Африка халықтары сөйлейді.  

Араб жазуы 29 әріптен құралған. Араб тілінде 29 ел сөйлейді.

Араб тілін біз неге жақсы көреміз? Мұның себебі араб тілі біздің Ислам дініміздің тілі. Біздің сүрелеріміз бен хадистеріміз араб тілінде түскен.

Испан тілінен кейін араб тілі ең көп сөйлейтін тіл.

Араб сөздері көп тілдердің сөзінде кездеседі. Араб тілінде Пакистан, Индия да сөйлейтіндер мол.

Араб сөздері ағылшын тілінің ішінде көп. Мысалы айтар болсам олар algebra, sherbet, magazine, cotton, alcohol, carat, sugar сөздері.

Мен суретке Катардың астанасы Доханың суретін қойдым. Мұның себебі адамдар араб тілін түйелер құмда жайылып жүрген күн ыстық және соғысқан елдердің сөзі емес Дубай, Абу Даби, Дохадай күшті елдердің тілі деп түсінсе дейм.