«Аптаның үздік блогері» болам десеңіз

Massaget.kz сайты оқырмандардың сұранысы бойынша жаңа байқау жариялайды. Оқырмандар мен блогерлерді, сайт тілшілерін жақындастыру мақсатында портал редакциясы әр аптаның үздік блогын жариялап отырады.

Байқау шарттары:

– Өту кезеңі: 30 қаңтар – 1 мамыр;
– Бір апта ішінде жазылған блогтың барлығы байқауға қатысады;
– Блогтың тақырыбы мен форматы еркін түрде өтеді, тек сайт ережесіне сәйкес саяси, діни тақырыптар қозғамау;
– Жазба айтар ойы бар, көркем тілді, орфографиялық, пунктуациялық қателер болмауына, шығармашылық безендірілуіне (авторлқы фото, видео) басымдық беріледі;
– Қатысушы жазған блогын әлеуметтік желілерде бөлісу;

– Жеңімпаз көрілім саны, ұнату белгісі (Like), жазылған пікірлер саны және Массагет тілшілері дауыс беруі арқылы анықталады.

Әр аптаның үздік блогы жұлдызды блогтар қатарына шығарылады.

30.01. – 05.02. 1-үздік блог;
06.02. – 12.02. 2-үздік блог;
13.02. – 19.02. 3-үздік блог;
20.02. – 26.02. 4-үздік блог;
27.02. – 05.03. 5-үздік блог;
06.03. – 19.03. 6-үздік блог;
20.03. – 26.03. 7-үздік блог;
27.03. – 02.04 8-үздік блог;
03.04. – 09.04. 9-үздік блог анықталады.

Одан кейінгі уақытта әр аптада анықталған 9 үздік блогер өзара сайысқа түседі.

10.04.16.04. күндері аралығында блогерлер еркін тақырыпта, ал

17.04. – 23.04. аралығында редакция тапсырмасымен берілген тақырып бойынша блог жазылады.

Бір апта ішінде жеңімпаздар анықталып, 1 мамыр күні сертификатпен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.



Бөлісу: