АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ДЕЛЬФИЙ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен "Алматы Студенттер Альянсы" КҚ-ның ұйымдастыруымен 21мамыр күні "Алатау" дәстүрлі өнер театрында Алматы қаласының талантты жастарына арналған «Дельфий ойындары – 2018» жобасының ашылу салтанаты өтті. 

Дельфий ойындараның ашылу салтанатына 500-ге жуық көрермен келіп,  оның ішінде сайыстың əділқазы алқалары: ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Лаки Константинович Кесоглу, 31 телеарнаның бас продюсері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері-Нұржан Жалауқызы, Кинорежиссер, көптеген әлемдік байқаулардың жеңімпазы - Дəрежан Өнербаев, ҚР мәдениет қайраткері - Рамазан Стамғазиев, ақын, "Асыл Арна" телекомпаниясының бас редакторы- Сырым Əуезхан жəне Отандық дизайнер, "Шабыт фестивалінің лауреаты - Дамиля Жұмабек осы жəне өзгеде өнер майталмандары сонымен қатар жастар ұйымдары комитетінің төрағалары, ЖОО белсенді студенттері, демеушілер, ата-аналар мен ұстаздар жəне қатысушылардың жанкүйерлері болды. Ашылу салтанатының тізгінін жас журналистер - Мейіржан Келемеденов пен Салтанат Жакебаева ұстады.

 

Дельфий Ойындарының жеңімпаздары - Шəмшінұр Мекесов пен Аружан Жұмабаева "Дельфий ойындарының - 2018" байқауының жалауын көтерді. Салтанатты шарада өнер жұлдыздары төбе көрсетіп, К5, VOX acapella, Джулия Төлеуханова, Нұрхат Сегізбай сында өнерпаздар өнер көрсетті.

Бұл жоба еліміздің барлық өңірлерінде жыл сайын дəстүрлі түрде өткізіліп келеді. Еске сала кетейік Алматы қаласының дельфий ойындарының байқауы биыл 17 номинация бойынша өтеді. Биылға жылы бас аяғы Дельфий ойындарына 400-ден аса өтініш келіп түкенін ескерер болсақ, тартысты дода болары сөзсіз.

Дельфий ойындарының жаңа кезеңі 1994 жылы Халықаралық Дельфилік кеңес құрылған кезде басталды. 19 елдің өкілі Берлин штаб-пәтерінде халықаралық үкіметтік емес ұйым ашуды шешті. Кейінгі жылдары әлемнің көптеген елінде ұлттық Дельфилік кеңестер құрылды. Ал, 2000 жылы 27 мемлекеттің өкілі қатысуымен Мәскеу қаласында бірінші Бүкіләлемдік Дельфий ойындары өтті. Ол ойында 18 аталым бойынша 938 адам бағын сынады. 2005 жылы маусым айында Қазақстанның Дельфилік комитеті заңды тіркеуден өткен болатын. Дельфий ойындары жастардың мәдени жағынан дамуына сүбелі үлесін қосатын, өскелең ұрпақтың бойындағы ұлттық өнерді сонымен қатар ұлттық құндылықты дəріптейтін үздік шаралардың бірі болып табылады.

Жобаның мақсаты: талантты, креативті, өз ісінің шебер, жас дарындыларын анықтау, оларды республикамызға таныту. Алматы қаласынан үздік шыққан қатысушылар Республикалық Дельфий ойындарына жолдама алатын болмақ. 3 күнге созылған бұл тартысты жоба 23-мамыр күні өз мəресіне жетеді.



Бөлісу: