Алғыс білдіру тізбектері... (Байқау)

Алғыс білдіру тізбектері... (Байқау)
жеке
блог

Байқаудың мәресін шыны керек күтіп жүрген жоқпын, байқау бітпесе екен). Мен күтіп жүрген нәрсе, ол - сабақтың алғашқы күндері, сынып ішінде тізілген парталардың алдыңғы қатарына жайғасып, тарих апайымның бізге қойған бір сұрағы...

Оқу табалдырығын қыркүйек айында соңғы рет аяқтайтындарымызға қобалжып, ерекше көңіл-күймен алғашқы сабағымызды бастаймыз. Бұйырса) Кезекте апайдың "Жазғы демалыстарыңды қалай өткіздіңдер? Қандай жаңалықтарға тап болдыңдар?" деген көптен күткен сұрағым қойылғанда, бірінші болып жауап беруім (әрине, сол баяғы шыдамсыз кейіппен).

 "Бұл жылғы жаз мезгілі есімнен мәңгі кетпестей орын алды. Шүкір. Мен бұған дейін шынымен де қағазды ортада өмір сүріп келіппін... Мен айналамдағы достарымды жақсы көрдім, оларды сыйладым, бірақ себебін білместен. Ал, биылғы жаз мезгілінде нағыз бақытты өмір сүруге талпынып жүрген адамдарды кездестірдім.Олар электронды құрылғының арғы жағында отырса да, жанымда жүрген кейбір адамдардан жақынырақ болып кетті. Өмірге деген құлшынысы артқан сондай жандардың басын біріктірген - Массагет жастар порталы болатын.

Массагет дәстүрлі түрде ұйымдастыратын байқауды маусым айының 22-ші жұлдызында көрдім. Жетекшілік ететін ағайлар мен апайлардың қысқаша бейнеролигін көріп, ішінен таңдағаным - Әсел Асанова болды. Өзге тәлімгерлер ашық, жоғары білімді, әсем сөздерімен адамды баурап алатын керемет жандар. Ал, Әсел апайым - ерекше, қарапайым, әдемі, сөздері жанға жақын, сондай-ақ жақынын қатты қадірлей білетін жетекші болатын. Апайымның көмегімен біраз нәрселерді ұқтым. Рақмет, апай!

Осы байқауға қатысушы еліміздің ертеңгі өрендеріне келер болсам. "Қазақстанның болашағы үшін үлкен үлес қосады!" деген үміт білдіруге тұрарлық мықты жастар. Мен оларға "қарсылысым" деп қараған жоқпын, олар менің массагеттік-бауырларым болатын. Еңбектерің жана берсін, рақмет сендерге. Бір-бірімізге тамаша көңіл-күй мен қолдау білдіріп тұруды ешқашан естен шығармайық)

Массагет порталын ақтара отырып, біраз кеңестер алдым. Массагеттің алда көрер қызықтары өте көп. Бастысы, оқырмандары мен жағымды жаңалықтар қатары азаймаса екен. Рақмет, Массагет!"

Содан кейінгісі қызық емес, тек менің биылғы жазым өзгелердікіне қараған да жақсы жаңалықтарға толы болғандығын жеткізсем болғаны. Қуаныш сәтін естен кетпестей кешетін сияқтымын)