Алғашқы сабақтар(Байқау)
блог
Барша оқырман қауымға жалынды сəлем жолдаймын!
Міне,мақсатқа деген алғашқы қадамдарымды аттап басып,əр сатыға жəймен,болашаққа жақсы көз қараспен қарап көтеріліп келемін.Кей уақытта бір орында тұрып қалатын кездерім болады.Бірақ бір орында тұрсам қалай мақсатыма жетпекпін? - осы ой миымда тұрады.
Мен шыңның шыңына шығуым керек қой!Бұған сенемін, қолымнан келеді~
Сонымен өзімнің үйренгендерімді сіздермен бөлісейін деп шештім.
Ең алдымен тілдің тарихына көз тастап, біраз мəлімет жинадым.
Корей жазбасын Хангыль(학글)деп атайды.Оның негізін қалаушы Ұлы Сэ Джон(세종대오아) ,бұған дейін корей тілінде қытай тілі негізінде қаланған иероглифтер қолданылып келген.Оның билігі жүрген замандарда Корея мəдениеті көтеріліп, бірталай өзгерістер болған.Ал осының барлығы 15 ғасырдың орта кездерінде болған.
Корей тілінде 10 дауысты дыбыс,11 дифтонг(бірнеше дауысты дыбыстан тұратын күрделі дыбыс),14 дауыссыз дыбыс пен 5 қосарлы дауыссыз дыбыс бар.Яғни,барлығы 40 əріп.Осы 40 əріпті 5 күнге бөлдім.Яғни,күніне 8 əріптен үйренетін боламын.Осылай 5 күнде алфавитті жаттап,еркін таңбалай алатын боламын.Жəне дəптерімнің біраз беттерін "сөздік"айдарына арнадым,əр күнде 2-3 сөзден жаттайтын боламын.
Алфавиттердің таңбалануы мен қолданылуы да ерекше.Бір қиыны бір əріп екі əріпті білдіреді.Мысалы:ㄱ -сөздің басында жəне соңында "к" болып,екі дауыстының арасында "г" болып оқылады.Дəл осындай бірнеше əріптер бар.
Егер 5 күнде алфавитті жаттасам,санақ жүйесіне көшсем деген мақсатым бар.
Ал жақсы сау болыңыздар!
Лүпілдетіп, пікір қалдыруды ұмытпаңыздар!