Армысың Алаш арыстандары мен Қазақ қаракөздері!
Сіздермен қайта қауышқаным үшін ризамын. Ал сонымен мақсатыма жету үшін алғашқы "тәй-тәйімді" басып үлгердім. Екінші блогымды оқыған болсаңыздар, мен аспаздықтың "әліппесін" бастауға ниеттеніп едім, міне алғашқы жемісім
Бүгін мен қазақтың ұлттық тағамдарының бірі Орама жасадым
Орамаға қажеттілер тізімі:
1) Ұн - 300 грамм
2) Шекер - 50 грамм
3) Жұмыртқа - 3 дана
4) Тұз - 1 шай қасық
5) Қант ұнтағы
Орама жасау барысымен таныс болыңыздар:
Алдымен миксердің көмегімен шекер мен жұмыртқаны араластырамыз, оған тұз себеміз;
сосын оған ұн салып қамыр илеу керек;
онан соң 30-40 минут жайына қоя тұрамыз, оған дейін басқа жұмыспен айналыса береміз.
Арада уақыт өткеннен соң жаңағы қамырды жұқалау етіп жаямыз,
жайып болғаннан кейін пышақпен оны ара-қашықтығы 5-7 см болатындай бөліктерге бөлеміз;
оны орап тіс шұқығыш қадап қоямыз;
Ал енді орамаларды қазандағы майға біреулеп қуырамыз. Қуыру барысында қолымызға екі таяқша алып соның көмегімен ораманы қозғап оның көлемді болуына жағдай жасаймыз.
Барлығын қуырып болғаннан соң, бетіне қант ұнтағын себеміз. Оны ыдысқа салып дастарханға тарту етеміз.
Міне орамамыз дайын болды, бір жақсысы ауыз ашарда жақсылап тоятын болдық сіздерге де жасап көруге кеңес берем! Бағасын беріңіздер) Ас болсын!