Алға қарай бір қадам
жеке
блог
блог
Қайырлы кеш, аға-әпкелерім! Менің мақсатымның бірі газет-журналдарға мақала жариялау болған. Сол шығармамды сіздерге ұсынамын. Бұл шығарма Республикалық «Лидер» газетінде жарияланды. Әрине, әпкемнің көмегі арқылы. Өңдеуге де көмектесті. Мен үшін арнайы «Бала тілі-бал» айдарын ашты. Мұнда 1-4 сыныптар өзінің шығармаларын ұсына алады.
Әкешім – бәйтерегім
Мен әкемді жақсы көремін. Ол – өте жақсы адам. Қазір 1-сыныпта оқимын. Мектепке барарда әкем маған көп заттар алып берді. Үйде әкемді «Папа» деп атаймын. Әкем мені жақсы көреді. Ол маған көп ойыншықтар, киімдер сатып алып береді. «Әке» деген сөз маған ыстық. Мен әкемді жақсы көремін.