Сəлем массагет оқырмандары!
Мақсат-адамды келешекке жетелейтін күш.Мақсаты бар адамның болашағы жарқын болмақ!
Қарап отырсам барлығы байқау бастала салысымен өз мақсаттары туралы жарыса жазуда.Бұл қуантарлық жайт!Себебі мақсаты анық жастардың болашағы жарқын!
Менің де мақсаттарым көп.Соның ең бастысы келер жылы 11 сыныпты жақсы тəмəмдап,ҚазҰУ түсу.Ал,осы 2 ай ішіндегі мақсаттарым мыналар:
Біріншіден ,ағылшын тілін үйрену.Ағылшын тіліндегі еүнделікті өмірде қолданылатын сөздерді үйрену.Себебі қазір еліміз үш тілді жүйеге бағытталуда.Сондықтан əрбір қазақстандық кемінде 2-3 тіл білу керек.Бұл өзімізді дамытуға септігін тигізеді.Мен бұл мақсатқа күн сайын талпынатын боламын.Күн сайын 10 сөзден жаттаймын.
Екіншіден, Сəбит Мұқановтың "Ботагөз"романын оқу.Осылайша өз сөздік қорымды байытып,қазақ əдебиетін тағы бір жаңа қырынан танып,білгім келеді.Бұл мақсатқа күніне 30-40 минутымды бөлемін.
Үшіншіден,мен массагетке аптасына кемінде бір рет қызықты блоктар салып отырамын.Бұл маған қаламымның ұшталуына көмектеседі.Мақала жазып үйренуіме көмектеседі.Мен бұл мақсатқа жету үшін күнде əртүрлі мақалалар оқып,білгенімді,көргенімді ойға түйіп,ойландыратын дүние жазамын!
Міне,менің мақсаттарым осындай!Осы мақсаттар жолында барымды салатын боламын.
Бұл байқау маған көптеген ой салды.Менің байқауға қатысудағы мақсатым топпен бірге жұмыс жасап,пікір алмасу,өзімді жан-жақты дамыту.
Мен бұл байқаудан күтерім көп!Байқаудың ең басты нəтижесі - біз секілді жастарды белсенділікке,ұйымшылдыққа баулиды.
Ал,барша командаларға сəттілік!