Тарихи маңызды оқиңаларға шолу жалғасын табуда. Еліміз тәуелсіздік алар тұста орын алған ұлт тағдырына нұқсан келтірген "Желтоқсан оқиғасы". Әсілінде, Желтоқсан оқиға емес, желтоқсан - көтеріліс. Талай боздақтың тағдырына кері әсер еткен көтеріліс. Толығырақ:
Д.А. Қонаев (1912-1993) – Қазақ КСР-ның басшысы, дарынды қайраткер, КОКП ОК Саяси Бюросының мүшесі, 3 рет Социалистік Еңбек Ері. Д.Қонаев тұсында республика жетістіктері:
Табиғи байлықтар кең ауқымда жүргізіліп отырды; Ауыр өнеркәсіп өсу үстінде болды; Ұлт зиялы қауымы жаңа сапалық деңгейге көтерілді.Дінмұхаммед Қонаевтің тағдыры Кремльде шешілді. 1986 жылы 16 желтоқсанда КОКП ОК V пленумында хатшы Г.П. Разумовский ұсынысымен Д.А.Қонаев қызметінен босатылды. Қазақстан Үкіметінің басшылығына Г.В. Колбин тағайындалды(1986-1989).
Г.В.Колбин Грузияда республикалық партия ұйымының екінші хатшысы болған. Ульяновск облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып жұмыс атқарған. Орталық баспасөзде «ұлтаралық қатынастар мәселелерін жақсы білетін маман» деп сипаттама берлген. Қазақстанда Г.Колбин генерал-губернатор миссиясын атқарды. Республика кадрларының жоғарғы легін «тазалаудан» өткізді. 1989 жылы халықтық бақылау комитетінің төрағасы қызметіне сайланып, Қазақстаннан кетті.
Желтоқсан оқиғаларының сипаты. Қоғамда жарияланған мақсаттар мен нақты өмір арасындағы күрделі қайшылықтар нәтижесі 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғаларына әкеп тіреді. 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда жаппай толқу басталды. Кейін бұл толқын республиканың басқа қалаларына тарады. Желтоқсан оқиғасына түрткі болған оқиға Г.В.Колбиннің республиканың жоғарғы басшылығына тағайындалуы.
Алматы толқуының барысы. 18 желтоқсан күні алаңға әскери училищенің жеке құрамасы енгізіліп, Орталық Комитет үйі қоршауға алынды. КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеттінің шекара училищесінің курсанттары ерекше қатыгездік көрсетті. «Бұрқасын-86» атты құпия жедел жоспар жасалды. КОКП Ішкі Істер минитсрі А.В.Власов еліміздің 8 қаласынан Алматыға ІІМ әскерлерінің арнайы бөлімдерін жіберіп, көтерілісті басуға бағыттады. Шеруді тарату кезінде сойылдар, саперлік күректер, үйретілген иттер, су шашатын машиналар пайдаланылды.
Көтеріліс қатысушысы болғаны үшін жаза берілді:
8,5 мыңға жуық адам ұсталып, қала сыртына әкетілді;
1720 адам жарақат алды. Ұсталған жастарды аязда бірнеше сағат бойы қар үстіне жатқызды. Қаладан тысқары әкетіп, жұқа және су киімдерімен түнгі аязда ұстады;
99 адам айыпталып, бас бостандығынан айырылды(46-сы кейін ақталды);
83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды;
52 адам партия қатарынан шығарылды;
787 адам комсомол қатарынана шығарылды;
1138 адам комсомолдық сөгіс алды;
12 ЖОО ректоры қызметінен алынды;
1200 ІІМ қызметкері, 309 денсаулық сақтау және көлік министрліктері қызметкерлері жұмыстан босатылды;
2 адам ату жазасына кесілді.
Желтоқсан құрбандарын ақтау. 1989 жылы мамыр-маусымда КСРО халық депутаттарының І съезінде дарынды ақын М.Шаханов «Желтоқсан оқиғаларына» әділ баға беруді талап етті. Желтоқсан оқиғаларына байланысты түпкілікті баға беру жөніндегі комиссия құрылды. Комитет төрағасы болып КСРО халық депутаты, ақын Мұхтар Шаханов тағайындалды.
Желтоқсан көтерілісі туралы
"Аллажар" кинофильмі. Желтоқсан көтерілісінің бар көрінісін Қаллдыбай Әбеновтың осы фильмінде керемет баяндалады.
Қаллдыбай Әбенов:
"1988-89 жылы фильмді бастағанда «маған ешкім кедергі жасамағанда, әлі де болса көптеген ақиқатты жарыққа шығарар ма едім?» деп ойлаймын кейде. Алаңда, алаңнан тыс жерлерде 2000-нан астам шейіт болған жастарымыздың денелерін толық еркіндігіміз болғанда, бәлкім, біз табар ма едік. Ақиқаттың көбі оқиғадан кейін-ақ жойылды. Мен фильмді Желтоқсан оқиғасына қатысқан, түрменің азабын шегіп келген уыздай жастарымыздың айтқан әңгімелері, бойынша түсірдім. Қазақтың ұл-қыздарын шырылдата сабап жатқан жерлерін өздерінің айтуларымен жасадым. Толқуды да оқиғаның бел ортасында болған балалардың әңгімесінен алдым."
Сонымен қатар "Желтоқсан ызғары" әні мен "Айқараңғысы" - Тұрысбек Сәукетаевтың 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы жайлы романы жарық көрді.
1991 жылы желтоқсанда «1986 жылы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтің жарлығы шықты.
Сізге қояр сауалым бар: Сіз сол кезеңде өмір сүргеніңізде шеруге шығар ма едіңіз?