Ақылымнан адастырған жан
блог
Құрметті массагет қауымы!
Бұл блогымда Есімбек атты кісінің өмірінен алынған оқиғаны жазбақпын. Бәлкім, көңіліңізден шығар...
Е, бауырым, менен сұрағаныңды баяндайын онда.
Күңіренген күздің қыраулатқан қарашасы еді. Қара суық. Бұл күні Оспан есімді әріптесімнің туған күнінің құрметіне отырыс ұйымдастырылды. Соған Ғайша екеуіміз жиналып жатқанбыз.
Ә, Ғайша кім дейсіз бе? Бәйбішем ғой. Отасқанымызға 25 жыл болды. Ғайша – әдеміше келген, жарқын жүзді, жұмсақ мінезді әйел.Үйден шығатын да уақыт болды.
– Есеке, мына пәлтеңді ки. Қане, мен дайынмын, шығайық,-деді Ғайша жатын бөлмеден дауыстап. Сөйтіп өткен қыста алған қара пәлтемді алып келді. Екеуіміз қол ұстасып далаға шықтық. Көлікке барып, мен рөлге отырдым. Екеуіміз осылай Оспанның үйіне тартып отырдық.
– Тез жеттік қой!-деді Ғайша. Мен үндемедім. Расымен-ақ, не деуім керек? Аздан соң:
– Ал, ішке кірейік,– дедім.
Дастарқан басы. Қонақтар көп. Оспанның туыстары, ескі достары және әріптестер қауымы.
Анау бір шетте күлімдеп отыздарды алқымдаған бір жас қыз отыр. Өзі әдемі, қыр мұрынды,тана көзді қыз екен. О, жасаған! Оған не үшін бұлай қарай беремін?! Қартайғанда ғашық болып, ақылымнан алжастым ба?
Әне, ол да маған қарады. Бәлкім, менің үздіге қарағанымды байқап қойды ма? Жоқ. Екеуіміз біраз көз түйістіріп тұрдық. Тәңірі-ай, мұнысы қалай? Мен сонда 25жыл отасқан Ғайшаны бір-ақ минутта ұмыттым ба?
Өзімді басу үшін далаға шықтым. Сәлден соң сыртқа әлгі қыз да шықты. Жүрегімнің соғысы жиілей бастады. Бар күшімді бойыма жиып:
– Қалқам, сағатты қарап жіберші,- дедім.
– Тоғыз жарым болды.
– Оспан ағаңа кім боласың?
– Жиенімін.
– Жалғызсың ғой. Күйеуің қайда?
– Тұрмыс құрмадым,– деді ол тұнжырай.
Сол кеште-ақ жаным тыным таппай, оған ғашық болғанымды айттым. Ол ұялып қалды, бірақ мақұлдағандай болды.Қыздың есімі Бағымкүл екен. Отырыстан соң менің өзгергенімді отбасым байқады. Бағымкүл екеуіміз кездесіп жүрдік. Мүмкін, бұл ісімізбен ауыр күнаға баттық. Дегенмен, бір-бірімізге бауыр басып та қалдық. Ол ата-анасына мені жақсы көретінін айтыпты. Ғайша да менің опасыздығымды біліп, маған өкпе артты.
Бағымкүлге осыған дейін ерік берген ата-анасы енді сенбей, оны еркінен тыс тұрмысқа беріпті. Ажырасқан болса да, өзінен төрт жас үлкен жігітке ұзатқан екен. Ал Бағымкүл менен он сегіз жас кіші болатын.
Мен құса болып, үйден кеттім.Қайғырып ащы суды іше бердім. Ақырында қаңғыбасқа айналдым.
Бағымкүл де ерімен жараса алмаған екен. Араларында бала да жоқ екен.Ол да ажырасып кетті. Мені іздеп келді. Мына халімді көріп тоқтамай жылай берді, жылай берді.
Түйін: Жүрекке бағынған дұрыс. Бірақ, ақылға да құлақ асу керек.