Ақтауда өткен фестиваль “Open Fest”
Әр жылдың қыркүйек айында болатын бұл фестивальдың ашылғанына не бары 3 жыл болды. Ол алғаш рет 2014 жылдың қыркүйек айында өтті. Бұл фестивальдың ұйымдастырушысы Ақтау қаласының атақты әншісі Самсон Аракелян және қаладағы белсенді жастар болып табылады.
Атақты әншілер осы фестивальдың арнайы қонақтары болып, келген көрермендердің көңілдерін көтереді. Бұл фестиваль таңғы 11-ден бастап түнгі 11-ге дейін жалғасады.Бұл жобаны 2013 жылы Самсон Аракелян(Big Som) өзі ұйымдастырған болатын. Содан соң оны қалалық акимат демеушісі болды. Биылғы жылы 15-17 қыркүйек аралығында өткен фестиваль көптеген көрермендер жинады. Қазақ эстрадасындағы әншілер де Каспий жағалауындағы фестивальді өткізді. 15-ші шағын ауданда болатын концерт осы 3 күннің ішінде ең керемет фестивальдің бірі болды. Келген қазақ әртістері олар: Луиза Каринбаева (Луина) Жанар Дугалова Горозия Леван (L`One) ХаХа-шоу келген болатын. Халықтың көңілдерін баулаған бұл фестиваль әлі талайлардың естерінде болады. Осы жылы Ақтау қаласында болмасаңыз келесі жылы міндетті түрде келіңіз. Көргенде арман, көрмегенде арман.