Әке көрген оқ жонар

Әке көрген оқ жонар
жеке
блог

Сәлем Массагеттіктер! Мен бүгін сіздерге бір емес, екі тақырыпты жазайын деп отырмын. Біріншісі киелі өлке - Ақсуат жайлы.
Қазір демалыста қаламнан 600 шақырымдай алыс Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданы, Екпін ауылында жүрмін. Бұл өлкенің ең бір ерекшелігі - халқының қазақилығы. Екпін - бұл нағашыларымның ауылы. Осы жаққа жылына бір рет демалуға келемін.
Бұл аймақта тек қазақ халқы тұрады десем өтірік айтпаспын. Әдетте қаламнан әртүрлі ұлттармен бірге тұратындығымызға үйреніп қалғандықтан ба, қызық екен. Сенсеңіздер ауылдан да ауданнан да бір орыс ұлтының адамын көрмедім. Ал бұрын Кеңес заманында айдалып кеткен неміс халқы тұрыпты. Кейіннен олар Отанына оралыпты.
Және де бұл өлке Ақын Сараның ізін басқан айтыскер қыз Сара Тоқтамысованың, талантты, шешен тілді айтыскер ақын қыз Айнұр Тұрсынбаеваның, жезтаңдай әнші, қазақы қарапайым мінезді Майра Ілиясова мен жас ақын Нұржан Өнербаевтің кіндік қаны тамған жері.

Жалпы Ақсуаттың қазір даму қарқыны өте жақсы. Соның бір көрінісі жақында ауданда "Мәңгілік ел" атты орталық демалыс саябақ ашылыпты. Кеше барып біраз бой жазып қайттық.



Ендігі әдеттегідей Абай жайына келсек ол ендігі бала-шағасының әуресімен жүрген кезін оқып жатырмын. Ол он алты жасында Қазыбек бидің ұрпағы Ділдәға ата-анасының қалауымен үйленеді. Он жеті жасында үлкен баласы Ақылбай дүниеге келеді. 
Солай Абай өмірінде он бала сүйеді. Оның алтауы Ділдәдан, төртеуі Әйгерімнен. Балалары: Ақылбай, Әкімбай, Әбдірахман, Мағауия,Күлбадан, Райхан, Тұрағұл, Мекайыл, Ізкайыл, Кенже.
" Жасымда ғылым бар деп ескермедім, 
Пайдасын көре тұра тексермедім. 
Ержеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен кеш сермедім. 
Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы, 
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім? 
Адамның бір қызығы - бала деген, 
Баланы оқытуды жек көрмедім. Баламды медресеге біл деп бердім, 
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім. 
Өзім де баска шауып, төске өрледім, Қазаққа қара сөзге дес бермедім. 
Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ, Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім. - деп Абай балаларын жастайынан оқытқан екен. Соның ішінде ілім білімді ерекше жақсы көргені - Әбдірахман мен Мағауия болды.
Әбдірахман Семейден білім алғаннан кейін оқуын Петербургте жалғастырады. Ол оқудан еліне қайтқанда жаңа өнер үйреніп қайтатын. Ауылда той жиында скрипкамен өнер көрсететін. Аз ғана ғұмырын оқуға арнады. Кейін Ділдәнің көршісінің қызы Мағрипаға үйленеді. Екеуінің бір қызы болады. Бірақ Әбдірахманға бұрын Петербордағы дәрігер ауыр дертке шалдыққанын айтқан. Артынан сол аурудан 27 жасында Алматыда көз жұмады.
Мағауия да ақылды бала болған. Тек ол жасынан әлсіз, аурушаң бала болғандықтан, көбінесе, Абайдың қасында болады. Әкесінің қасында ол көптеген кітаптар оқып, Шығыстың, Батыстың әдебиетімен тәрбиеленіп өседі. Ол 1904 жылы ауырып қайтыс болады. Бұл қайғыға шыдамай артынан Абай да дүниеден озады.


Сіздерге бүгінгі Абай жайлы айтпағым осы. Мақала ұнаса пікір білдіре отырыңыздар.