Ағылшынға бассаң қадам - боласың сен зерек адам! (Байқау)
блог
Сәлеметсіздер ме, массагеттік оқырман! Бұл мен Томиристің Гүлнұры. Сайыс мәресіне жетуіне азғана уақыттар қалды. Барлық қатысушылар барын салып жатқаны айтпаса да түсінікті жағдай. Мен де мақсатыма жетуге шақ қалдым. Алдыма қойған міндеттерімді атқарып, нәтижесін көруге асығып жүрмін. Күнде болмаса да, анда – санда ағылшын тілін үйренуге арналған сайттардың біріне кіріп, тіл үйреніп жүрмін. Видео – сабақ арқылы дәріс алып, қажетті деген сөздерді іліп, дәптеріме жазып қоюды жөн көрдім. Ертеңгі күні қажет болып қалмасына кім кепіл? Сондықтан алдын ала қамданып жатырмын. Болашақта бұл тілді білу міндеті барлық адамға жүктелетінін күнде естіп жатырмыз. Бармақ тістеп, тіл білмей қалып, тасада қалмас үшін, болашағым үшін, мен бәріне де дайынмын. Болашағым үшін ағылшын тілін меңгеру міндеті бірінші орында тұр!
Бұл менің қажет деген ағылшын тіліндегі сөздерім. Бұл тізімге әлі де талай сөздер енетіні аян. Ендігі блогымда міндетті түрде ағылшын тілінде видео арқылы сәлем жолдайтын боламын. Негізі осы блогымда видео жолдамақшы едім, бірақ белгілі бір себептермен келесі аптаға шегеруіме тура келді. Сондықтан менің келесі блогымды күтіңіздер!
Лайк басып, пікір қалдыруды ұмытпағайық, достар!)))) Себебі сіздердің пікірлеріңіз мені қатты қызықтырады!
Ал сіз ағылшын тілін үйреніп жатырсыз ба?