Сәлем достар! Менің бұл блогым ағылшын тілін үйренудің тағы бір қызықты жолы бар, соны сіздермен бөліссем деп едім.
Менің алғашқы мақсатым ағылшын тілін үйрену болатын. Ол әрине оңайға түскен жоқ. Бірақ бұрынғыдан қарағанда ағылшын тілінен біраз көтерілдім. Оған осы сайыс көп көмегін тигізді. Біздің жетекшіміз Нұрбол Нұрмаханұлы қолынан келгенің аяған жоқ. Ол маған электронды оқулық жіберді. Мен оны қазақшаға аударып ағайға тексертетін боламын. Оған қоса көптеген видеороликтер, радио т.б нәрселер жіберді. Ағайдың осындай қолдауының арқасында жаз айы біткенше тағы біраз көтерілетін боламын. Ағылшын тілін үйренудің тағы бір қызықты жолы бар. Біз көбінесе жаттаған сөздігімізді ұмытып қала береміз, ал бұл әдіс арқылы есте сақтау оңайырақ болады(өзім үшін солай). Бәрімізге шет елден бір адамға жанкүйер боламыз. Ол адам туралы мәліметтер көп іздейміз. Әрине ғаламтор желісінде қазақша берілмейтіні анық. Оны өзіміз аударуға тура келеді. Сол үшін оның ағылшын тіліндегі өмірбаяның, сүйікті нәрселерін, түскен киноларын, шығарған әндерін өзіміз қазақшаға аударар болсақ, ол есімізде жақсы сақталады. Оны оңайлықпен ұмытада қоймайсыз. Мен өзім шет елдіктерден Джеки Чан мен Тиара тобына жанкүйермін. Олар жайлы қызықты мәліметтерді ағылшын тілінең өзім аудардым. Орыс тілінде де жазылған, бірақ оны қолданбадым. Бұл әдіс арқылы толық үйреніп кете алмайсыз, бірақ көмегі тиері сөзсіз.