Қайырлы күн, қадірлі достар! Сіздермен қайта қауышып отырғаныма қуаныштымын. Мен алдыңғы аптадағы блогымда мақсаттарымды тізіп айтып өткен болатынмын. Бүгін мен сіздерге мақсаттарым қалай орындалып жатқанын баяндайтын боламын. Менің мақсаттарымның ішінде ағылшын тілін меңгеру болатын.
Ағылшын тілінде сөйлеу – сол тілді қоғамды тану. Расында бүгінде ағылшын тілі мамандық игерудегі басты талаптардық біріне айналып келеді. Себебі жаһандану үдерісінен қалмай даму үшін, ел азаматтары халықаралық тілдерде еркін сөйлей алуы тиіс. Айта кетсек, бүгінде ағылшын тілі ғаламдық кеңістікте ең қөп қолданылатын беделді тіл болып саналады. Осыған орай, өзімнің болашақта таңдар мамандығым да шет тілімен тығыз байланысты болмақ. Қазіргі заман адамға жан-жақты болуды қажет етеді. Сондықтан басқа тілді меңгеру артық етпейді. Ағылшын тілін меңгеру барысында Жолдас ағайдан онлайн сабақтар алуды бастап жатырмын.
Мектепте ағылшын тілінен біліктілігім біршама жақсы болғандықтан, дәрістерді игеру де жылдам өріс алуда. Қазіргі кезде Жолас ағайдың 5-інші сабағына келдім . Ағайдың түсіндіргені жеңіл. Оңай түсінудемін. Видео дәрісті бірнеше рет көргеннен кейін, тұра сол сабаққа арналған тест тепсырмасын орындаймын. Ол Массагет порталында жарияланған. Және де ағылшын тілін меңгеруде интернет желісі арқылы онлайн тесттер орындап жатырмын.
Бастамам жақсы. Алдағы уақытта ағылшын тілін жан-жақты меңгеріп, ағылшын тілінде емін еркін сөйлеймін деп ойлаймын.