Абай Құнанбайұлына арнау.
блог
Алғаш жарыстарға қатысып бастағанда мен "Абай тереңіне ден қою" атты ғылыми жоба жазғаным бар. Бірақ жобаны жойып алсам керек таба алмадым. Енді алдарыңызға ақынға арнап шығарған өлеңімді ұсынамын. Әрине ақын емеспін, алайда атамыздың өзі айтпақшы "өлеңге әркімнің-ақ бар таласы".
Абайға арнау
Абай – ақын, данышпаны елімнің,
Абай – дана, мақтанышы жерімнің.
Абай атты бір ғұлама болмаса,
Кім айырмақ ақ – қарасын өмірдің?
Тасқалада ескерткіші Абайдың,
Армандарын биіктеткен талайдың.
«Ұлы дана не ойлап тұр екен?» деп,
Мойын созып, дидарыңда қараймын.
Сүйсінемін өлеңін оқығанда,
Абай сөзі бағыт қой оқырманға.
Адасатын адамдар болмас еді,
Абай сөзін кеудеге тоқығанда.
Қара сөзің мен жырларыңа қанығам,
Бұлағыңнан нәр алуға асығам.
Асқақ рух иесісің, сен ойшыл!
Мен қалайша мойындаудан жалығам.
Абайға еліктеп кім жыр жазбаған?
Менің де, өлеңім бар оттай жанған.
Дана Абай жолымен жүре алсам,
Артымда жыр қалмайды мен жазбаған.