Ақын деген де, көзіме жүзін албыт басқан кәрі адам елестеуші еді... Үйде Бұқардың, Шалкиіздің жырлары жазылғын парағы қырдың топырағындай сарғайған бір кітап болатын. Сыртқы мұқабасы әлі күнге есімнен кетпейді... Сондағы суретті көріп, бүкіл ақынның жүзі осындай болса керек деп ойлағанмын-ау шамасы. Кейін ақындар да жас болғанын "Ана тілін" оқыған да, білдік қой... Мұғалиама ақын деген кім десе, Абай деп жүрген аңғалдық кезім бе, шамасы, жаттауға бермеген өлеңдерін жаттап барып, керек десеңіз, төртінші сыныптың ана тілінен жаттап баратынмын.... Қызық? Сонда неге Абайды қатты сүйіп оқыдым екен!? Мүмкін менің мақсатыма жетудің бір амалы болар? Қандай мақсат? Оны ол кезде өзімде білмеймін ғой...Кітаптың артына қара сиямен шимай шатпағымды жазып, басына Жұмахан Нұрлыхан 2001-2007 деп жазғанымды қайтесіз... Күлкілі иә? Бар ойым ұқсату болғаны да! Еңбек сабағында балалардың ойған оюын өзіме алып, көк қатты параққа "Сарыбұлақ аясында 1"-деп жазып жанын оюмен көмкергенмін. Ішінде бар жоғы төрт-ақ өлең... Сол кезде неге ақын болуға құмарттым екен? Бұл маған жұмбақ болып қалды...
Ақын керек дейтіндей өмір сонша неге зар болды екен? Ал, өлең ше? Мақсатым ақын болу болса қоғамға титтендей болсын пайдам тигені ме?Өмір өлеңсіз болса мәнсіз болады ма? Түу, миым ашып кетті ғой... қаумалаған сұрақтан. Басын Бұқардан бастап алып, аяғын енді кіммен аяқтаймын? Тәк! Эврика-эврика... таптым! Бес ғасыр, Жеті ғасыр жырлайды деген бар ғой.... енді Жиырма бір ғасыр жырлайды десек ше? Сіз ойлана беріңіз... қазір өзім айтамын.
Т.С.Т. Бізде ақындар көбейіп кетті...