Pr_day_enu_2022
блог
2018 жылдан бастап Еуразия ұлттық университеті жыл сайын PRdayENU олимпиадасын өткізеді. Атаулы олимпиада биылдан бастап пәндік олимпиадалар қатарына қосылып отыр. Олимпиаданың негізгі мақсаты 10-11 сынып оқушыларына «қоғаммен байланыс, PR мамандығы» жайында тыңғылықты ақпарат беру, PR мен жарнаманың және PR маманы мен журналистиканың айырмашылығын ашып көрсету, оларды бір бағытта түсінудің қателік екенін ұғындыру, онымен қоса «Қоғаммен байланыс» кафедрасының болашақ студенті ретінде оқушылардың өздерін сынауы мен сол мамандықты насихаттау. Олимпиада 2021 жылы өкінішке орай өткізілмеді. Дегенмен, 2022 жылы 23-25 ақпан аралығында елдегі пандемия мен короновирус инфекциясына байланысты олимпиада 3 кезеңнен тұратын онлайн форматта өткізілді. Аталмыш олимпиадаға 70 мектеп, шамамен 65-70 оқушы қатысқан. Ұйымдастырушылар: Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Сақ Қайрат Өмірбайұлы, Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі Дүйсенғазы Серікзат Мақсұтұлы, аға оқытушысы Алгалиев Гульназым Сакенқызы және Қоғаммен байланыс мамандығының 3 курс студенттері.
Алғашқы кезеңге тіркелу ақпан айының 20 дейін жалғасып, 1 кезеңнің нәтижелері 23 ақпан күні жарияланды. Алғашқы кезең бойынша қатысушылар берілген тақырыптар бойынша 1-1,5 минуттық видео қорғап, Instagram желісіне #Prdayenu2022 хэштегімен жариялады. Небір сапалы видеолар жарияланып, оқушылар белсене қатысты. «Менің санамдағы PR», «Мен кретативті тұлғамын» және «Цифрлы әлем жетістіктері» тақырыбының айналасында еркін форматты видеолардың барлығы дерлік оқушылар арасында белсенділікке ие болды. 1-ші кезеңнен өткен оқушылар 2-ші кезеңге өткендігі туралы хат алып, 24 ақпан күні ZOOM платформасында онлайн эссеге қатысты. 9:00-ден 10:00 дейін ашылу салтанаты, 10:00-ден 12:00 дейін эссе жазу сынды негізгі 2 этап қамтылды. 3 кезең ең соңғы және ең ерекше кезеңдердің бірі болды. Олимпиадаға қатысушы талапкерлерге PR саласының маманы, блогер – Назым Жанғазиева, «Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ қоғаммен және БАҚ –пен байланыс жөніндегі бас маманы- Жетпісбаева Айна Задабекқызы, «TANBA» PR студия жетекшісі, PR менеджері- Ақсұлу Саңғали шеберлік сағаттарын өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Коммуникация, Халықаралық PR жайында көп сөз қозғалды. Талапкерлерге дұрыс бағыт көрсетіп, көкейтесті сұрақтарға мейлінше жауап берді.
Шеберлік сағатта айтылған маңызды ақпараттарды қағаз бетіне түсіріп алуға мейлінше тырыстым. PR маманы Айна Задабекқызының айтуы бойынша болашақ маманның бойынан мына қасиеттер табылу маңызды: 1)нақты мақсатпен жұмыс жасау, 2)стандартты және өзгеше ойлау, 3) клиент жинай алу және тіл табысу, 4) шешім шығару, 5)эмоционалды түрлену, 6) кез келген оқиғаны қарастыру, 7) анализ жасау. Онымен қоса Ақсұлу Саңғали: «кем дегенде 3-4 тілді білу маңызды»,-деді. PR ең алдымен мемлекетке, одан соң, туризм, экономика, саясат және бизнесмендер мен шоу бизнеске қаншалықты қажет екендігі жайында сабақ барысында айтылды.
Үшінші кезеңнің соңғы минуттары олимпиада жеңімпаздарын марапаттаумен жалғасты. Еліміздің түкпір-түкпірінен қатысқан 6 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Олимпиаданы ұйымдастыруға қатысқан декандарға, Қоғаммен байланыс кафедрасының 3 курс студенттеріне, Еуразия ұлттық университетіне және Қадырбаева Асемге айтар алғысым
шексіз! Ұйымдастырылған олимпиада үлкен мүмкіндік пен шексіз армандардың негізі.