"AMANAT" КЕНТАУ: КОНФЕРЕНЦИЯДА ПАРТИЯНЫҢ САЯСИ ТҰҒЫРНАМАСЫ ТАЛҚЫЛ

"AMANAT" КЕНТАУ: КОНФЕРЕНЦИЯДА ПАРТИЯНЫҢ САЯСИ ТҰҒЫРНАМАСЫ ТАЛҚЫЛ
жеке
блог

Конференцияға 12 бастауыш партия ұйымдарынан 120 делегат, атап айтқанда партия филиалының Саяси кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері, қалалық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және мүшелері, "Жастар Рухы" жастар қанатының мүшелері мен бұқаралық құралдарының өкілдері қатысты.
«AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалының кезектен тыс XLIV конференциясына партия филиалының атқарушы хатшысы төрағалық етіп, жиында қаралатын мәселелермен таныстырды.
Конференцияның күн тәртібіне сәйкес бірінші мәселе «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасын талқылау бойынша партия филиалының атқарушы хатшысы Арман Басаров баяндама жасап, "AMANAT" партиясының жаңа саяси Тұғырнамасы ағымдағы жылдың наурыз айында іске қосылып, толық ауқымды партиялық трансформацияның бір бөлігіне айналғанын, бұл Платформа - Қазақстанның басты қоғамдық күшінің болашаққа деген көзқарасын, даму бағдарларын, қағидаттары мен саяси мақсаттарын қамтитын, "AMANAT" партиясының елімізде болып жатқан өзгерістерге берген жауабын ұсынатын басты идеологиялық құжат болып табылатынына тоқталты.
Жаңа тұғырнама жобасын талқылауға қатысты жарыссөзге шыққан «Денсаулық» бастауыш партия ұйымының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Асылбек Утебаев, - Саяси платформаның негізгі мазмұнына тоқталып, Қазақстан өз дамуының жаңа кезеңіне аяқ басқанын, біздің алдымызда терең саяси және экономикалық реформалар жүргізу, жаңа - әділетті Қазақстанды құру міндеті тұрғанын атап өтті. Партия мүшесі Қазбек Қамбаров, - "AMANAT" партиясы халықтың сеніміне сүйеніп, Қазақстанның болашағына бей-жай қарамайтын барлық партияластарды Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жүйелі реформаларын қолдауға, әділ Қазақстанды құру идеясы төңірегінде топтасуға, халық пен ұлт ретінде бірігуге шақырды.
Кезектен тыс конференцияда «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс XLVI конференциясына қатысатын делагаттар тізімі ұсынылып, қатысушы делегаттар құрамы бекітіліп, бірауыздан қолдауға ие болды.
Саяси тұғырнаманы талқылау жұмысын белсенді жүргізу қажеттігі жөнінде Қаулы қабылданды.