8 апта...(байқауға)
блог
Массагет сайты мен сіздердің 3 жылдай уақыттан бері оқып келемін. Керекті мәліметтер, пайдалы кеңестер өте көп -ақ. Тіпті өзімнің бұл сайтқа қалай келгенімді білмеймін де. Бұл сайт әр оқырманның жүреніне жол таба білді.
Байқау... Мен бұл байқау ең алғаш рет өзгізілгенде іш пыстырарлық секілді көрінді. Бірақ, уақыт өте келе әр блогтан қызықты мәліметтер, керемет даналық сөздер ала бастадым. Қатыспағаныма өкіндім. Егер сол жылы қатыссам Қарлыға Бүйенбай жетекшілік еткен "Томирис" тобын таңдаушы едім. Ол жылы қатысушы көп болғандықтан ба, өте белсенді өтіп еді... Екінші байқауды тіркеуді бастағанда ең алғашқы көрген мен едім, бірақ сол жылы қолым тимес деп қатыспаған едім. Егер қатыссам Әсел Асанованы таңдар едім. Келер міндетті түрде қатысамын деп серт бердім. Міне, байқаудың қатысушысы болдым.
Өз мақсаттарыма жеттім.
Мен бұл байқаудан не үйрендім?
Өз мақсатыма жетуді, ізденістің өте қажет екенін білдім. Көп жаңа достар таптым, олар маған әр кез қолдау білдіріп, өз ойларың айтып жақсы сырлас бола білді. Жетекшіміз Әсел апай әр кез бізге өзінің ойын білдірір, уақыты өте аз болса да, біздің барлық сұрақтарымызға жауап беріп, ақыл-кеңесін айтып отырды.
Әсел(Әселек). Тобымызға ең кеш қосылған қатысушы болды(оған дейін бізде 12 қатысушы еді) Өзі өте жайдарлы, ақкөңіл екені сөздері мен істерінен білінеді. Барлығымыздың да жан құрбымвызға айнала бастады. Өнерлі қыз, өлең шығарып, түрлі аспапта ойнап, өзінің жоспарларымен бөлісіп, бізді тәнті қылды. Менен үлкен болса да, "сіз" деп сөйлейтін, әр кез өз ойын айтады, мен ең алғаш танысқан оқушы еді.
Арай. Ол жайлы айта берсем көп-ақ(жалпы барлық қатысушы жайлы). Жұмсақ сөйлейді, сөздерінен еркеліктің лебі есіп тұрады. Екеуіміз құрдас болғандықтан ба, онымен сөйлескен қатты ұнайтын, мақсатына 100% жеткеніне анық сенімдімін. Өте мейірімді, ашық, адамдармен тез тіл табысатындығымен көзге ерекше түседі. Сөз орамдары , сөйлеу мәнері ерекше. Әңгіме жазумен қатар, аудармашылықпен айналысады,резенция жазады. Спортқа жан-тәнімен берілген, спорт десе ішкен асын жерге қояды. Бір сөзбен айтқанда "сегіз қырлы, бір сырлы")
Айдана(Айдок). Байқаудың соңына қарай ғана аралассақ та, тез тіл табыстық. Менен үлкен екеніне қарамастан, құрбы секілді сөйлеседі. Жазу шеберлігі маған ұнайтын. Ашық-жарқын, әрдәйім көңілді, өзгелердің өнерін бағалап жүреді. Өте белсенді, бір сөзбен айтқанда "сөз жоқ" қыз))
Ақниет. Алдыңғы жылғы байқаудың қатысушысы болғандықтан ба, біздің гөрі тәжірибесі молдау, адамның көңілін көтере білетін қыз. Ешкімді бөліп жармайды, жарасымды әзіл айтып, қаншама жыл бойы дос болған құрбысы секілді, именбей сөйлейді. Әсел үшеуіміз бірге ағылшынша сөйлестік) Әңгіме жазады, өте шыдамды, батыл қыз)
Бақытнұр(Анджелла). Біздің топтағы кәрісше үйренуді мақсат тұтқан бірде-бір жан. Мақсатына жетпей қоймайтындығы, алғырлығының арқасында тілді тез үйреніп алды) Ашық-жарқын, тез-тез сөйлейді))
Жұлдыз. Каратэмен де айналысады, гитатарада да ойнайды, жазу да жазады. Бізбен көп сөйлеспейді, көп уақытын блог жазуға арнайды, өте тиянақты)
Бар жоғы 8 аптада барлығымен тамаша дос болдым, өз білгендерін айтып, мені көп нәрсеге үйретті. Олар алғысым шексіз. Байқау аяқталса да, достығымыз ажырамайтындығына сенімім мол.
Массагетке тілегім қандай?
Осындай керемет байқаулар көптеп өткізілсе екен) Әр жыл сайын болатын бұл байқау әр жылы оқушылардың демалысын тиімді өткізе берсін. Массагет саған алғысым шексіз. Әсел апайға да, басқа топ жетекшілері мен барлық қатысушыға өз алғысымды білдіремін!