"Берік отбасы -есірткіден алыс "

               

        "Қызылорда ОПД ЕҚҚIҚБ тарапынан жарияланған сайысына"

       Берік отбасы-есірткіден алыс!

Отбасы- адам баласының түп қазығы, алтын діңгегі. Отбасының бірлігі, татулығы, сүйіспеншілігі үлкендер қауымына, мына біздерге байланысты. Мейірім шапағатқа бөленіп өскен жеткіншектер алдағы өмірлеріне мақсат қоя отырып, келешекке сеніммен қарайтын болады. Сүйіспеншілікке шөліркеп өскен бала  ата анасының тауып бергеніне мәз болып ішіп жегені мен кигеніне мастанып өмір сүреді. Ештеңеден тарлық көрмесе де өмірге өкпелі күйінде қалып қояды. Міне осындай жеткіншектер ата ананың жылы қабағын аңсай жүріп өзіне жылы тартқан адамдардан жолдас табады. Ал ондай адамдардың мақсты бесенеден белгілі. Іштеріне бір бау жантағын сактай жүретін жіміскі жандардың ойын балғын жас қайдан білсін. Аңғал баланың осал тұсын бағамдай білетін арам пиғылдылар ұрымтал сәтті қағыс жібермейтіні белгілі емес пе?  Дос болған сияқты көрініп, қамқорси отырып баланы есіркінің шырмауына салып, жіпсіз байлап қояды. Енді ойлап қарасаңыз қиындық неден туындады?..  Баланың мейірімнен ада, бақылаудан тыс қалуынан екенін бажайлап отырған боларсыздар. Сіздің балаларды сәл де болса таса еткеніңізді күтіп отырған сұрқиялар осы сәтті қалт жібермесі анық.. Отбасындағы кикілжің бала болашағына , тәртібіне кері әсерін тигізері анық. Сол үшін отбасындағы жарастық, сүйіспеншілік, ынтымақ алдыңғы орында болуы керек. Бала өмірде «Отбасы бақыт мекені» екенін сезінгенде ғана алаңсыз, жайлы өмір сүре алатын боласыз.

Жылжи берші кезім емес жасқанар

Бөгей алмас  білім атты тас қамал

Отанның аяулысы боларсың

Отан деген от басынан басталар.

Балаларымыздың дені сау, бай бақуатты өмір сүрейік ағайын!

 

#ҚЗОПДЕҚҚІҚБбайқауына

   Қазалы ауданы

   №94 орта мектеп

  Әйтекеевтер отбасы

 

 



Бөлісу: