Соңғы блог (Байкауға)

   Кеше ғана байқау енді басталған еді, әне-міне дегенше әп-сәтте байқаудың мәре сызығынада жетеміз. Уақыт зымырап барады. Ешкімді аяр емес. Ал қатысушылар уақытын тиімді пайдаланып, мақсаттары орындалуы үшін алға қарай ұмтылды. 

   Байқау барысында талантты да өнерлі қыздармен таныстым. Тобымыз мүшелерімен ашыла жақын араласып, сөйлеспесемде олар маған өте қатты ұнайды. Әр қайсының қиялы да әлемі де  бір бөлек. Жетекшіміз Әсел апай үнемі бізді ұйымшылдыққа шақыра отырып, бізге ақыл-кеңес беріп отырды. Жұлдызым, қыздарым деп айтқаны өте қатты ұнайды. 

   Биылғы жазғы демалысым әр жылғыдан ерекше өтті. Бұл күндер ұмытылмасқа айналды. Массагет порталынан көп мәліметтер, кеңестер алдым. Өзім байқауға қатысып тәжірибе жинадым. Барлықтарыңыз арман-мақсаттарыңыз орындала берсін. Үлкен жетістіктерге жетіп, биік шыңдарды бағындыра беріңдер! Массагеттіктерге айтар алғысым шексіз.



Бөлісу: