Мектептегі бір күнім: Бенефис шоу (байқау)

           Ұстаз...Ұстаз...Ұстаз...Барлық мұғалім ұстаз бола алмайды. Неге дейсіз бе? Себебі ұстаз–екінші ана,ұстаз–аяулы есім.Ұстаз болу–өнер.Ал өнерлі болу барлығының қолынан келеді деп айта алмаймын. Мүмкін Сіздер мені неге тақырыптан ауытқып,ұстаз деп кетті дейтін шығарсыздар. Блог жазған соң, "Бенефис шоу" деп тақырыбын қойған соң,неге басқа нәрсені айтып кетті деп те ойлайтын шығарсыздар.

          Бұл блогым мектептегі ең қызық, ең керемет күнім жайлы болмақ. Ал ол тамаша күнді ұйымдастырып,менің ата-анамды,менің жақын достарымды,мұғалімдерімді құрметті қонақ қылып шақыртқан Мөлдір Бөлекбаева деген химия пәнінен сабақ беретін ұстазым болатын.Жүзі жарқын,мөлдір тұнық судың тұнығындай,өте мейірімді ұстаз–Мөлдір апайым! Егер ұстаз қандай болу керек десе,Сіз жайлы айтар едім. Менің мектепті үздік бітіріп,үлгілі оқушы атануымның себепшісі де осы ұстазым. 24 мамырда,11.00-де  мектепте "Бенефис шоу" ұйымдастырып,құрметті қонағы етіп мені шақырды.Бұл күн ұмытылмас күн еді... Мен өзімнің Мұқағали Мақатаев атамыздың сөзіне жазылған әнімді осы кеште орындап, өлеңдерімді оқып,домбырада да жыр арнадым.Мектептегі бір ұмытылмас күнім,бақытты күнім осы шығар.Осыны бүгін алғаш рет жазуым.

  Бұл мен үшін үлкен жетістік! Өмірдегі басты байлығым– ата-анам. Осы екі адамды қуанту мен үшін ең басты мақсат!



Бөлісу: