Мақсатың айқын болса....(Байқау)

        Сәлеметсіздерме, Массагеттік тұрақты оқырмандар!

      Көп тілді білу, бірнеше тілде сөйлеу уақыт талабы. Уақыттың ағысымен бірге жүзу үшін заман талабына бағынамыз. Ал заман талабы- білімділік. Білім көжиегін кеңейтемін десек бірнеше тілді меңгеру артық етпейді. Біз қазақ тілін ана тіліміз ретінде құрметтеп, қадірлейміз. Дегенмен, орыс және ағылшын тілдерін қатар алып жүрмесек тағы болмайды. Үш тілді білім беру жүйесі жолға қойылғалы бері тіл үйренемін деушілер көбейді. Бір жағынан қазақ жастарының жан-жақты болуға құмартатынына қуансақ, екінші жағынан туған тіліміз шетке қалып қоймайма деген қорқыныш барлық қазақ көкейіндегі жауапсыз тұрған сұрақ болар, бәлкім. 

            Мен мектеп оқушысымын. Негізгі таңдау пәнім ағылшын тілі. Болашақта Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде "Халықаралық қатынастар" факультетінде ағылшын тіліне араб немесе түрік тілдерін қосып меңгеріп шыққым келеді. Бұл университет Қазақстандағы ең үздік білім ордасы болғандықтан, білім деңгейі мен сапасы жоғары екеніне сеніп, болашағымды осы оқу орнымен байланыстырып отырмын.

       Биылғы жылы Ұлттық Біріңғай Тестілеу форматы жаңа  бағытта өзгергені бәрімізге белгілі. Бүгінде жаңа бағытта  жаңа жоспарлармен жұмыс жасап жатырмын. Демалыстың алғашқы айында математика пәнінен қосымша сабақтар алып тәжірибе жинадым. Алдағы уақытта ағылшын тіліне өз бетіммен дайындалмақшымын. Бұл бағытта өз жоспарларым да бар.

          Сіздерге бір сұрақ қойғым келіп отыр. Бірнеше тілді меңгеріп өз тілімізді ұмыту қаупі қандай деңгейде деп ойлайсыздар? Сіздердің бұған деген пікіріңіз қандай?



Бөлісу: