Тәуелсіздіктің ақ таңы

 Тәуелсіздік!   Сан ғасыр азаттықты, елдікті аңсаған қазақ халқы бүгінгі таңда тәуелсіздіктің, бейбіт өмірдің шұғылалы ақ таңымен оянуда. Осынау ғажайып, тәуелсіздіктің ақ таңы оңайлықпен аткан жоқ. Бұл  жолда қаншама боздақтарымыз теңдік үшін аянбай күресе, жандарын қиды десеңізші! Аллаға сан мадақ, бүгінде еліміз ынтымағы мен бірлігі кемеліне келіп, күннен күнге қарыштап, биік белестерге ұмтылуда. Санаулы уакыт көшінде еліміз бүкіл әлем елдерінің арасында өзінің  дара өрнегін салып үлгерді. Осы тұста Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың еселі еңбегін зор мақтанышпен атап өткім келеді. Елбасымыз еліміздің жарқын да бейбіт, жасампаз ғұмыр кешу жолында қажырлы еңбек етуде. Бүгінде Елбасымыздың  бастамасымен түрлі әлеуметтік, экономикалық, саяси іргелі бағдарламалар қабылданып, сәтті жүзеге асырылуда. Елбасымыздың ұтқыр да биік көшбасшылығының арқасында елімізді әлем  таныды. Осындай дана Елбасымыз барда еліміздің ертеңі бұдан да нұрлы болатынына сеніміміз зор. Ендеше,  тәуелсіздігіміздің осынау ақ таңы мәңгілік болғай!   



Бөлісу: