Шығармашылық шыңдауым

Шығармашылық шыңдауым
жеке
блог

Мақсатына жетер жолда аянбай еңбек етіп, тер төгіп жүрген достарым, қалайсыңдар?!

Мен де дәл сендер сияқты ізденіс, талпыныс үстіндемін. Мен алдағы күндерге мақсат қойып, жоспар құрған кезде әдебиетпен достасам деп едім ғой.

Міне, енді оның да кезегі келген сияқты. Осы жолы мен тырнақалды туындымды алғаш рет жұртпен бөліскелі отырмын. 

Шоқан Уалихановқа арнау

Жалғастырып жолыңды өзің салған ізбенен,

Күні түні көз ілместен ізденем.

Болсын  мейлі қиындық пен сәтсіздік

Жаншып өтем, жеңіп өтем бәрін де

Өткен күнді бүгінгіге жалғаймын

Жазып кеткен тарихыңмен тілдесем

Жүріп өткен жерлеріңмен сырласам.

 

Әрбір тарих бұрышында сенің жазбаң сақтаулы,

Әрбір дерек, әрбір тарих сені еске салады.

Қазағымның маңдайына жұлдыз болып ендің сен

Жарқырайсың, жанасың тарихтан орын табасың.

 

Мен өзіңді сағынамын, іздеймін де қазірде

Дәл өзіңдей дара тұлға бар ма мына әлемде

Өмір бойы жинаған асыл, жауһарларыңды

Аманат етіп, тастап кеттің біздерге.

Кемшілік не қателік байқап жатсаңыздар пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар. Мен үшін бұл маңызды. Ал егер ұнап жатса лайк  басыңыздар, жарай ма?